М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханаға Астанадағы Америкалық Бұрыштың көшпелі сессиясына шақырамыз

2016 жылдың 27 – 29 қыркүйегінде сағат 12.00-ден бастап 14.00-ге дейін КАЗГЮУ Университетінің М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханасында Астана қаласындағы Америкалық Бұрыштың көшпелі сессиясы өтеді. КАЗГЮУ Университетінде Movable Space өткізу бағдарламасы орталық ресурстарымен және қызметтерімен таныстыруды, American Corner, Education USA жұмысы бойынша консультацияларды және Maker Space көрсетуді көздейді. Сондай-ақ келушілердің назарына халықаралық тест тапсырмаларына (IELTS, TOEFL, GRE, GMAT, SAT) дайындалу бойынша әдебиет көрмесі ұсынылады. Ал волонтер тобы Spelling Bee және Quiz секілді ойындар мен сайыстарды өткізеді.

Қазақстандағы кітапханалардың негізінде әрекет ететін Америкалық бұрыштар ағылшын тілін меңгеру бойынша жоғары сапалы материалдарға, сұхбаттасу клубтарына, АҚШ-тағы білім туралы ақпаратқа, деректер қорларына, кітаптары мен киноларына, ойындарға еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ робот жобалау негіздерімен таныстырады.