«Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

«Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы.

Байқаудың өту уақыты:

7 желтоқсан 2016 жыл сағат 15.00

Байқау шарттары:

  • байқауға КАЗГЮУ Университетінде жұмыс істейтін және білім алатын барлық талапкерлер қатыса алады;
  • оқылатын көркемсөз тәуелсіздік тақырыбына байланысты болуы тиіс;
  • оқылатын мәтіннің көлемі 3-4 минуттан аспауы керек;
  • белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды;
  • байқауға 30 қарашаға дейін тіркелуі керек.

Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың:

  • өлеңді оқу шеберлігіне;
  • дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
  • өлеңді таңдау талғамына назар аударады.

Тіркелу орны: 412- ауд. қазақ және орыс тілдері кафедрасы немесе Кітапхана ресепшені.

Тел.: + 7 (7172 )70 28 29 (ішкі 1293) Кәмшәт

E-mail: kazrus2014@bk.ru