Қазақстан заң ғылымының тарихы бойынша дөңгелек үстел

КАЗГЮУ Университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған гранты бойынша ғылыми зерттеу аясында Қазақстанның заң ғылымының тарихы бойынша дөңгелек үстелді өткізді.

Дөңгелек үстелдің отырысына КАЗГЮУ Университетінің және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары мен докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

КАЗГЮУ Университетінің С.Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының директоры, PhD докторы, доцент М. Дәуленов алғы сөзімен шыққан кезде, көрнекті өкілдердің үлесі көмегімен заң ғылымы тарихының зерттеулерін жүргізу қажеттілігін атап өтті.