Профессор С.Ф. Ударцев ҚР Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің бірінші отырысында баяндама жасады


11 мамырда ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшелері ҚР Конституциялық Кеңесінің жанында жуырда құрылған Ғылыми-консультативтік кеңестің (ҒКК) бірінші отырысына қатысты. Конституциялық Кеңестің ұсынысы бойынша ҒКК мүшесі, профессор С.Ф. Ударцев (КАЗГЮУ Университеті) «Құқық үстемдігі, заманауи құқықтың түсінік мәселелері және Конституцияны қорғау» атты тақырыпқа баяндама жасады. ҚР Конституциялық Кеңесінің ҒКК алғашқы отырысында құқық үстемдігі мен құқықтық түсініктің іргелі проблемаларын атап өту конституциялық бақылау органы жанында құрылған консультативтік кеңесте конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің теориялық және қолданбалы проблемаларды талқылауға түрткі болады.