Жалғас Рамазанұлы Темірбеков философия докторы (PhD) атанды













2018 жылдың 23 ақпанында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti жанындағы Диссертациялық кеңесте (төрағасы – з.ғ.д., профессор Қ.Қ. Сейтенов) Ж.Р. Темірбеков «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторының (PhD) дәрежесіне ие болу үшін «Құқықтық мемлекеттің, құқық үстемдігінің тұжырымдамасы және белді мемлекетті қалыптастыру мәселелері: шетелдік және қазақстандық тәжірибе» атты тақырыпқа жазылған өзінің диссертациясын қорғады.
Ғылыми жетекшісі:
Сергей Федорович Ударцев – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандығы «12.00.01 – Құқық және мемлекет теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси білім тарихы»). Астана қ., Қазақстан Республикасы.