M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Гонконгтың білім нарығына кіруде


Жуырда M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не Қытай халық саяси консультативтік кеңесінің Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Лян Чжэн Ин басқарған бір топ делегация келді.
Қытайдың ең беделді саясаткері Лян Чжэн Ин 2012-2017 жылдар аралығында Гонконгтың әкімшілігін басқарған еді. Сонымен қатар, Lingnan University және City University of Hong Kong-та Кеңес Төрағасының лауазымын атқарды.
Сапар барысында делегация M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің құқық, халықаралық құқық, қаржы, экономика, менеджмент, аударма ісі және басқа да бағыттар саласындағы Ma-jor және Minor білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізудегі әдіс-тәсілдерімен танысты. Ал Университет студенттеріне қолжетімді кәсіптік сертификаттау бағдарламаларына делегация ерекше қызығушылық білдірді.