2018 жылдың 8-9 қазанында Стамбул қаласында Орталық Азияның жоғары оқу орындары үшін Эразмус+ бағдарламасының семинары өткен

2018 жылдың 8-9 қазанында Стамбул қаласында (Түркия) Орталық Азияның жоғары оқу орындарына арналған Эразмус+ бағдарламасының «Erasmus+ Contact Seminar with Central Asia» семинары өткен, аталған шара Эразмус+ бағдарламасының «Жоғары білімнің әлеуетін арттыру жобалары» және «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» бөліктеріне бірлесіп қатысу және ынтымақтастық құру үшін бағдарламаға қатысатын елдердің (Еуропа) университеттері мен әріптес елдерінің (Орталық Азия) университеттері арасында байланыстарды орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға Еуропа мен Орталық Азияның, Ауғанстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының, Эразмус+ ұлттық агенттіктері мен кеңселерінің 274 өкілі атсалысты.

Қазақстандық делегацияның құрамында қырыққа жуық университеттің өкілдері болды. М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің өкілі болып Менеджмент және Туризм кафедрасының аға оқытушысы Р.А. Мұхамеджанова қатысты.

Семинардың алғашқы күні Білім, жастар, спорт және мәдениет жөніндегі Еуропалық комиссияның Бас директоратының өкілі Марлен Бартэ Эразмус+ бағдарламасының өткені мен 2017-2017 жылдар аралығында оны іске асыру нәтижелері туралы сөз қозғап, 2019 жылдан бастап енгізілетін жаңалықтармен таныстырды. Отыз жылдан бері жобалық өтінімдерді бағалайтын сыртқы сарапшы Сьюзан Саузэн оларды жетілдіру және сапасын арттыру жөніндегі негізгі аспектілерді жіктеді.

Екінші күні нетворкинг сессиялары мен семинарлар өткен. Мәселен, нетворкинг сессиялары екі кезеңмен өткізілген – бірінші раунд әріптес елдердің (Орталық Азия елдері, Ресей және Ауғанстан) жоғары оқу орындарына, ал екінші раунд – Эразмус+ бағдарламасының отыздан астам елінен еуропалық университеттерге арналып ұйымдастырылды. Мұндай бастама ЖОО-лардың арасында байланыстарды орнатуға жағдай жасады, себебі нетворкинг сессиялары кезінде әрбір университеттің өз материалдарын табыстауға және әлеуетті әріптестерді табуға мүмкіндігі болды.

Семинарлар болса, екі бағытқа бөлінді: бастапқы бағыты – «Халықаралық кредиттік ұтқырлықтағы алғашқы қадамдар», «Жоғары білімнің әлеуетін арттыру бойынша жобалардағы алғашқы қадамдар» және ілгері бағыты – «Тәжірибелі практиктерге арналған халықаралық кредиттік

ұтқырлық», «Тәжірибелі практиктерге арналған жоғары білімнің әлеуетін арттыру бойынша семинарлар». Аталған семинарлардың нәтижесінде қатысушылар ІСМ бойынша жобаларды даярлау мен жүзеге асыру және табысты жобаларды жазу бөлігінде баға жетпес тәжірибеге ие болды.

Семинар ұйымдастырушыларының айтуынша, осындай бірлескен семинарлар Эразмус+ бағдарламасының тиімділігін айтарлықтай арттырып, көптеген елдердің қатысуына жағдай жасайды және әріптес-елдер мен бағдарламаға қатысушы елдердің арасында тәжірибемен алмасу алаңы болып қызмет етеді.