Университеттің кітапханасында магистранттар мен PhD докторанттарына арналған «Құқық және мемлекет» журналының презентациясы өтті

Үстіміздегі жылдың 24 қазанында «Құқық және мемлекет» журналының бас редакторы, з.ғ.д., профессор С. Ф. Ударцев М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің кітапханасында магистранттар мен PhD докторанттарына арнап, журналдың соңғы сандарын таныстырды. Бұл іс-шара М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі кітапханасының ұсынысы бойынша ұйымдастырылды.

Презентация барысында соңғы жылдың ішінде журналда жарық көрген мақалалар және олардың авторлары туралы әңгіме жүргізілді. Магистранттар мен докторанттарға авторлар ретінде журналға белсендірек қатысуға ұсыныс жасалды. Сондай-ақ іс-шарада ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., профессор В.А. Малиновский сөз сөйледі.

Сонымен бірге, профессор С.Ф. Ударцев жиналған қауымды өзінің соңғы оқу жылында жарық көрген немесе бірлескен автор ретінде дайындаған кітаптарымен таныстырды:

1. ХХ – ХХI ғасырдың басындағы Қазақстанның көрнекті заңгер-ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. Үш бөлімде. 1–3-б. (бөлек кітаптармен)/Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. КАЗГЮУ Университеті/з.ғ.д., профессор С.Ф. Ударцевтің жалпы редакциясымен. Астана: «Дәме» типографиясы; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017.

1-1. 1-бөлім. А – Д / Авторлары: Ударцев С.Ф., Тлепина Ш.В., Ким К.В., Алимжан К.; Зинченко В.В., Даутбаева-Мухтарова А.Е., және басқалар. Алғысөзі: КАЗГЮУ Университетінің ректоры Т.М. Нәрікбаев, кіріспе мақала: С.Ф. Ударцев. Көрсеткіштер: Тлепина Ш.В.,Ударцев С.Ф. Астана: «Дәме» ЖШС-і; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017. – 328 б.; 16 п. илл. (Қазақстанның заңгер-ғалымдарының фотогалереясы).

1-2. 2-бөлім. Е – Н / Авторлары: Ударцев С.Ф., Тлепина Ш.В., Ким К.В., Алимжан К.; Зинченко В.В., Даутбаева-Мухтарова А.Е., және басқалар. Көрсеткіштер: Тлепина Ш.В., Ударцев С.Ф. Астана: «Дәме» ЖШС-і; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017. – 350 б.; 19 п. илл. (Қазақстанның заңгер-ғалымдарының фотогалереясы).

1-3. 3-бөлім. О – Я / Авторлары: Ударцев С.Ф., Тлепина Ш.В., Ким К.В., Алимжан К.; Сырых В.М.; Зинченко В.В., Даутбаева-Мухтарова А.Е., және басқалар. Көрсеткіштер: Тлепина Ш.В., Ударцев С.Ф. Астана: «Дәме» ЖШС-і; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017. – 302 б.; 17 п. илл. (Қазақстанның заңгер-ғалымдарының фотогалереясы).

2. С.Ф. Ударцев. Қазақстан: 2017 жылғы конституциялық реформа. («Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI ЗРК Заңына түсіндірме) / «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институты. Астана: Фолиант, 2018. – 192 б.

3-1. Конституция Республики Казахстан. Научно-практический комментарий / Фонд Первого Президента Республики Казахстан — Елбасы; Конституционный Совет Республики Казахстан; Министерство юстиции

Республики Казахстан / Редколлегиясы: И.И. Рогов (жетекші), К.А. Мами, М.Б. Бекетаев, В.А. Малиновский, С.Н. Сабикенов, У. Шапак, Б.М. Нурмуханов, Е.М. Абайдельдинов. Астана – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС-і, 2018. – 640 б.

3-2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме / Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті — Елбасының Қоры; Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі / Редакциялық алқа: И.И. Рогов (жетекшісі), К.Ә. Мами, М.Б. Бекетаев, В.А. Малиновский, С.Н. Сәбікенов, У. Шапак, Б.М. Нұрмұханов, Е.М. Абайділдинов. Астана – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС-і, 2018. – 664 б.

4. Қазақстандық бірегейлікті нығайту мен дамытудың тарихи, құқықтық және саяси аспектілері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының активі үшін ғылыми-аналитикалық жинақ. Астана: «Мастер ПО» ЖШС-і, 2017. – 92 б.