АО «КАЗГЮУ Университеті» кітапханасының пайдалану Ережелері

АО «КАЗГЮУ Университеті» кітапханасының өңделген ережелеріне сәйкес АО «КАЗГЮУ Университеті» кітапхананы қолдану ережелері.
Кітапхананы қолдану ережелері регламентті сақтап жалпы тәртіппен ұйымдастыра отырып қызмет көрсету және олардың құқығы мен міндеттері.

1. Кітапхананы жалпы қолдану ережелері.
1. Кітапхананы пайдалануға барлық категроиядағы оқырмандар құқылы( барлық үлгіде оқып жүрген студенттер, магистранттар, докторанттар, професорлық-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлері).
2. Жалпы ақпараттық – библиографиялық қызмет түрлерін қарымтасыздық-ақ көрсетеді. Қосымша ақылы ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету, АО «КАЗГЮУ Университетінің» басқарма төрағасының бекітілген, қызмет көрсету негізі баға көрсеткіші және тізім арқылы құрылым бөлімшесіне өзара келісіліп уәкілділік беріледі.
3. Әдебиеттерді ұзақ мерзімде (үйге) қолдануға тек абонементте беріледі. Соңғы және жалғыз дана берілмейді.
4. Кітапхана оқырмандарына әдебиеттерді қолдануға мамандандырылған орындарда тәртіппен «оқу залында» қызмет көрсетеді, және оқулықтарды алып шығуға тыйым салынады(оқулықты уйге беруге тыйым салынады).
5. Кітапханаға пайдаланушыларды тіркеу құжат көрсету және қай ұйымға жатуын куәландыру арқылы жүргізіледі: білім алушылар үшін – студенттік билет, оқытушылыр, қызметкерлер және басқа категориядағы оқырмандарға – жұмыс орнынан анықтама, жеке куәлік және 3*4 фотосурет қажет.
6. Оқырманға кітапхананы қолдану үшін жалғыз оқырман билеті беріледі және оқырманды тіркеу карточкасына толтырылады. Тіркеу карточкасын толтырғаннан кецін оқырман кітапхананың жалпы ережелерімен танысып, қол қойып сол ережелерді орындауға уәде береді.
7. Оқырман билетін пайдалану мерзімі – 1 оқу жылы. Жыл сайын кітапхана өз оқырмандарын қайта тіркеуден өткізеді, оларға кітапхана белгілеген мерзімге берілген кітаптардың уақытын созады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
8. Университеттен шығып кеткен кезде оқырман қолындағы барлық басылымдарды кітапханаға қайтарады.
9. Пайдаланушы кітапхананың ережелерін бұзса немесе кітапханаға нұқсан келтірсе материалдық, әкімшілік жазаға тартылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, АО «КАЗГЮУ Университеті» басқарма құжаттарын және кітапхананың жалпы ережелерін сақтау.
10. Оқырман тарапынан кітапхана қорындағы баспа шығармаларына зиян келтірілсе немесе жоғалса, сол немесе ұқсас басылыммен ауыстырады, ауыстыра алмаса, кітапхана белгілеген баға бойынша, оқулықтың шығынының бағасын төлейді.

2. Абонемент ережелері:
1. Әдебиеттер абонементте келесі мерзімге дейін беріледі:
Окулықтар және оқу әдістемелік құралдары тәртіптілікпен оқу мерзіміне байланысты, міндетті түрде қайта тіркеуден берілген мерзімде беріледі;
Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттер 10күнге 3 дана ғана беріледі;
Көркем әдебиеттер 10 күнге 1-2 дана ғана беріледі;
Кір мезгілде оқырмандарда келесідей оқулықтар болуы мүмкін:
1) Професорлық-оқытушылар құрамы -10 бірлікке дейін;
2) Ғылыми-қызметкерлер- 5 бірлікке дейін;
3) Білім алушылар: магистраттар және докторантар- 5 бірлікке дейін;
4) Білім алушылар:бакалавриаттар- 5 бірлікке дейін.
5) Университеттің ұйымдары мен қызметкерлері – 5 бірлікке дейін.
2. Егерде оқулықтарға, ғылыми материалдарға сұраныс болмаса оқырмандарға берілген уақытын ұзарту немесе бұл қулықтарға сұраныс көп, жалғыз дана болса берілмейді.

3. Оқу залдарындағы ережелер

1. Барлық оқу залдарына кіргенде студенттер оқырман билетін көрсетіп кіруге міндетті.
2. Кітап парағын жыртуға, залда дайындалып отырған басқа пайдаланушыларға кедергі жасауға және шулауға болмайды.
3. Кітапханаға жазылар алдын оқырман, кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман формулярына қол қою арқылы растайды.
4. Журналдан алынған мақалалар, ғылыми еңбектер, авторефераттар, оқулықтан алынған материалдар (автордың құқығын сақтай отырып) көшірмеден өткізуге болады. Диссертацияларды көшірмеден өткізуге тыйым салынады.
5. Әдебиеттерді тек оқу залында ғана пайдалануға болады. Кітапты алып шығуға тыйым салынады.
6. Осы Ережені бұзған жағдайда пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталық әкімшілігі бекіткен мерзімге сай кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

4. Электрондық ресурстар залымен қолдану ережелері(медиатека)
– Электронды оқу залдары жедел ақпарат беру мен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға меншікті және толық мәтінді иемденген электронды ақпараттық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігін береді;
– Компьютерлерді жағу және өшіруге тек қана кітапхана қызметкерлері құқылы.
– Сабақтан тыс өз қалауларындағы әлеуметтік желілерде отыруға тыйым салынады. Оқу мақсатында ғана интнрнет желілерді қолдануға болады.
– Жүйелі блоктарды, мониторларды, перне тақталарын ашуға, қолданып отырған компьютерлеріңізді қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
– Тұтынушылар электрондық ресурстар залында өртті болдырмау мақсатында, міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

5. Оқырмандардың құқығы мен міндеттері
1. Оқырмандар құқылы:
Кітапхананың барлық оқырмандары өзінің қызығушылығы мен талабына орай кітапхана бөлімдерін таңдауға құқылы;
Кітапханада кез келген мәселе бойынша басылымдардың қоры туралы мәлімет алуға;
Кітапханадағы электрондық техникалармен, Интернет желілерімен пайдалануға, электрондық каталогты пайдаланғанда қажетті әдебиеттердің тізімін флэшка, дискет, CD, DVD көшіріп қолдануға рұқсат етіледі;
Кітапханалық барлық мерекелік шараларға қатысуға;
2. Оқырмандар міндетті:
Кітапхана бөлімдерінен әдебиеттерді алу үшін оқырман билетін ұсынуы тиіс, абонементтерде әр басылым үшін кітап формулярына қол қояды.
Кітапты ұқыптап ұстауға, кітапхана басылымдарына (оларға белгі салуға, парақтарын жыртуға, жиектерін бүгуге т.б.) зиян келтіруге;
Кітапханадағы мебельдер мен техникалық құрал жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға, аудиовизуалдық материалдар мен ақпараттық дәстүрлі және электронды таратқыштарды игеруге техникалық талаптарды сақтауға міндетті;
Кітапханадан алған басылымдарды белгілі мерзімде қайтару;
Оқырман билетін басқа оқырманнан беріп жіберуіне және басқа оқырманның билетін пайдалануына тыйым салынады;
Кітапты, басқа да басылымдарды алар кезде оқырман оны мұқият қарап шығып, ақаулары бар болса, кітапханашыны хабардар етеді, олай болмаған жағдайда кемшіліктің орнын кітапты соңғы пайдаланған оқырман толтырады;
Оқырман кітапхана залдарында тәртіп пен тыныштық сақтауы және ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы керек;
Оқу залына сөмкемен кіруге тыйым салынады;
Оқ залын сусындар, азық – түлік, жануарлармен кіруге болмайды;
Картотекалар мен каталогтардан карточкаларды алуға болмайды;
Кітап қорының сақтау орнына, жеке қызметкерлер бөлмесіне кіруге тыйым салынады.
Басылымға зиян келтірген немесе жоғалтқан оқырман оны дәл осындай басылыммен не оның көшірмесімен немесе кітапхана соған тең деп тапқан басқа да басылыммен ауыстырады;
Ал ауыстыра алмаған жағдайда басылымның нақты нарықтық құнын төлейді. Жоғалған немесе бүлінген кітаптардың орнын толтыру мерзімі кітапхана директорымен белгіленеді.
Егер оқырман жоғалтқан оқулығын төлемейтін болса әкімшілік құқыққа тартылады;
Каталогтар, картотекалар мен оларды қолдану ережесі туралы ақпарат алуға;
Оқырман кітапханадан рұқсат етілмеген кітапты алып кетсе кітапхананы пайдалану құқығынан 2(екі) айға айырылады.
Оқырмандар кітапхананың жалпы ережелерін бұзса, кітапхананы пайдалану құқығынан 3(үш) ай мерзімге айырылады.

7. Кітапхана құқықтары

1. АО «КАЗГЮУ Университеті» кітапханасының өңделген ережелеріне сәйкес АО «КАЗГЮУ Университеті» кітапхананың ережелерін пайдалана отырып оқырмандарға қызмет көрсетеді.
2. Кітапхана құқылы:
Кітапхана университеттің кітапхана туралы Ережесі мен кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманға қызмет көрсетеді;
Кітапханадан алынған материалдарын белгіленген мерзімде қайтармаса, кітапхананы пайдалану ережесін бұзған оқырмандарды оқырман құқығынан айыруға;
Кітапханадан алынған кітаптарды қайтарылуын тұрақты бақылауға алуға;
Кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманның келтірген зиянының орнын толтыру мақсатындағы басылымның нарықтық құнын белгілеуге және анықтауға;
Егер оқырман жоғалтқан немесе бүлгірген оқулығын төлемейтін болса, бөлімше басқармасына хабарлап, АО «КАЗГЮУ Универсисетінің» басқарма төрағасының шешімімен нарықтық бағамен 10 есе артық төленеді;
3. Кітапхана міндетті:
Оқырманға кітапхананың барлық қорын пайдалануға мүмкіндік беруге;
Кітапханада оқырман жұмыс істеуге қажетті жағдай жасауға;
Оқырманды барлық көрсетілетін қызмет түрімен таныстыруға;
Өз қоры мен көрсететін қызметін насихаттауға, кітапқа деген қызығушылықты ынталандыруға, кітапханаға барлық студенттер мен қызметкерлерді тарту үшін шара қолдануға;
Оқырман талаптарын зерттеу және оны барынша қанағаттандыру;
Кітапханалық және ақпараттық- библиографиялық қызмет көрсетуді, кітапты насихаттауды бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлі формаларын қолдану, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу арқылы жетілдіруге;
Кітапханалық-библиографиялық білім негізінде әңгіме, ауызша кеңес беру арқылы оқырмандардың кітапханалық сауаттылығын, оқу мәдениетін көтеруге;
Өз кәсіби қызметі туралы университет Кеңесі және оқырмандар алдында есеп беруге;
Ұлттық мәдени байлықтың бір бөлігі болып табылатын кітап қорын сақтауға жауапты болуға, оқырмандарға берілген кітаптардың дер кезінде қайтарылуын қадағалауға, тек қолдағы қолданыс мерзімі аяқталған кітабын қайтарғаннан кейін оқырманға жаңадан кітап беруге;
Қолдағы кітабының қолданыс уақыты аяқталғаннан кейін оқырмандар барлық кітаптарын өткізіп, маусым-шілде айларында қайта тіркеу қағазын толтыру талап етіледі. Егер оқырман оқу жылының соңында кітапты қайтармаса, қыркүйек айында сол оқырманға қызмет көрсетілмейді.
Өз қызметінде адамгершілік, саяси және идеологиялық көппікірлік принциптерін басшылыққа алуға;
Кітапханалық-библиографиялық білім негізінде әңгіме, ауызша кеңес беру арқылы пайдаланушылардың кітапханалық сауаттылығын, оқу мәдениетін көтеруге;
Пайдаланушы сұранысын керекті әдебиеттер тізімі бойынша іздеуге, кейбір жағдайда жеке тақырыптар бойынша әдебиеттер іріктеуге;
Пайдаланушыға қанағаттанарлық деңгейде қызмет көрсетуге, анықтамалық-библиографиялық қызмет, деректер қорын пайдалана отырып қызмет көрсетуге, жаңа түскен әдебиеттерді жүйелі түрде таныстырып отыруға;
Белгіленген ережелерге сәйкес Кітапханалық-ақпараттық орталық қорындағы басылымдарды пайдалану, сақтау, есепке алуды жүзеге асыруға;
Егер кітаптар бұл мерзімде қайтарылмаса, Кітапханалық-ақпараттық орталық пайдаланушыға оларды 10 күн ішінде қайтару немесе мазмұны мен бағасы бірдей кітаппен алмастыру жөнінде жазбаша талап жіберуге;
Талапта қайтарылмаған немесе алмастыру мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушыдан бұл басылымдардың шынайы нарықтық құны өндіріліп алынатыны туралы ескертуге;
Егер пайдаланушы көрсетілген мерзім ішінде кітаптарды қайтармаса немесе құны бірдей басылымға алмастырмаса, Кітапханалық-ақпараттық орталық басшылығы жоғалған, бүлінген кітап, баспасөз туындысы мен басқа да материалдардың шынайы нарықтық құнын өндіріп алу жөнінде талап жіберуге;
Пайдаланушыға Кітапханалық-ақпараттық орталық қорын пайдалануға шектеу қоймауға;