Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат алмасуды оңтайлы және тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Электрондық басылымдар өз оқырмандарына жылдам жетеді, мамандарға қызықтырған саласы бойынша жаңа ақпараттарды ұсына отырып, оңай және белсенді түрде өзектілігін арттырады. Мұрағат материалдарының да пайдасы аз емес, мысалы, іріктеп алынған ғылыми журналдар, диссертациялар.

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ М.С.Нәрікбаев атындағы    кітапхана оқырмандарына оқу және ғылыми қызметтерде келесі толық мәтінді деректер қорларын пайдалануға көптеген мүмкіндік береді.

kaznebҚАЗҰЭК

    • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мемлекеттік электронды кітапханалық қорды құру» жобасы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету және ұлттық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылған.
    • Жобаны жүзеге асыру базасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК).

 eeb БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА

Бірыңғай электрондық кітапхана – бұл навигация және іздеу құралдарымен жабдықталған және ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыру үшін ақпаратты жан-жақты өңдеуге және ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік беретін, бірыңғай интерфейс арқылы жедел көппайдаланушылық қолжетімділігі ұсынылған әртүрлі электрондық құжаттарды жинақтау және сақтаудағы кешенді ақпараттық жүйе.

2IPRbooks 

    • ЭКЖ 30 000 аса әр түрлі пәндер бойынша  оқу және ғылыми басылымдар берілген, соның ішінде 350 -ден аса ресей және шетелдік журналдар, сол журналдар Ресей ЖАК тізбесіне енгізілген.
    • Сондай-ақ, тегін әдебиеттер каталогына (60 000 басылым) – ғылыми, көпшілікке арналған кітапханалардың (сирек басылымдар, мерзімдік, тарихи, өлкетану әдебиеттеріне және т.б.) қорларына қолжетімділік ұсынылады. Пайдаланушылар үшін сайтта он-лайн режимінде тестілер ұсынылған, өз кезегінде олар әр түрлі пәндер бойынша (350 мәтіннен астам) өз білімдерін тексере алады.
el

ҒЫЛЫМИ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА

    • Бұл ресейдің ғылым, технология, медицина және білім беру саласындағы ең ірі ақпараттық-талдау порталы, оған рефераттар және ғылыми мақалалар мен басылымдардың 19 млн. астам толық мәтіндері, сонымен бірге ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың 3900 астам электрондық нұсқасы енгізілген, соның ішінде 2800 астам журнал еркін қолжетімді.
    • Осы платформада «ҚАЗГЗУ» АҚ шығарылатын «Құқық және мемлекет» ғылыми журналының толық мәтіндері ұсынылған.
3 ZNANIUM.COM

    • 2 миллион толық мәтінді оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, мақалалар қол жетімді.
    • «Ғылыми іздену» бөліміндегі қолжетімді ресурстар:
    • ВАК тізбесіндегі журналдар – 586 мың мақала;
    • ЖОО-ның сыртқы топтамалары 36 мың құжат;
    • Еркін қолжетімді шетелдік ғылыми журналдар (Scopus-қа кіргізілген 100 000 астам мақалалар, 100 ден астам журналдар);
    • Докторлық және кандидаттық диссертациялардың авторефераттары – 65 мың құжат.
    • Тестілік қол жетімділік ұсынылады.
4«ЛАНЬ» БАСПАСЫ

  • «ЛАНЬ» ЭКЖ – бұл «Лань» баспасының кітаптарының және басқа да оқу әдебиеттерінің жетекші баспаларының электрондық нұсқаларынан, сондай-ақ жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша мерзімдік басылымдардың электрондық нұсқаларынан құрастырылған ресурс.
  • Ресурсты құру мақсаты – ЖОО-ның бейімдік бағыттары бойынша неғұрлым көп ғылыми, оқу әдебиеттерге және ғылыми мерзімдік басылымдарға қолжетімділігін  қамтамасыз ету. Сондықтан электронды-кітапханалық жүйенің ассортименті жыл сайын тұрақты кеңейтіліп келеді.
polpred

POLPRED.COM  БАҚ ШОЛУ

  • Күнделікті қолмен толықтырылады, толық мәтіндерден тұрады. Ақпарат агенттіктерінің және іскерлік баспасөздердің миллионға жуық ең үздік мақалалары енгізілген.
  • Рубрикатор: 3 тілді (235 ел және аймақтар), 26 сала топтары (600 дереккөзі), 8 РФ федералд округы, тәулік немесе уақыт кесінділері түріндегі 15 жыл аралығындағы дата, мың жоғарғы шенеуніктер мен қоғамдық қайраткерлердің тізімінен алынып жеке қолдары қойылған, салалар және елдер бойынша мұрағаттан алынған А санатындағы материалдар.

5THOMSON REUTERS

    • Thomson Reuters дерекқорында 9 000 халықаралық және аймақтық журналдардан және жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың барлық салалары бойынша жалғастырушы басылымдардан мақалаларды іздеу және саралау жүзеге асырылады.
    • Дерекқор мынадай мүмкіндік береді:
    • импакт-факторы бар журналдардағы өзіндік басылымдар стратегиясын құруға;
    • Интрактивтік дерекқорлардан және бүкіл әлемдік кітапханалар каталогынан жазбаларды жинақтау, сақтау және форматтауға.
 
6TAYLOR & FRANCIS  GROUP

    • Ресурстық базасы Taylor & Francis баспасының 1800 астам журналынан және 50 000 астам элетрондық кітаппен қамтылған. Онда ең соңғы рецензияланған материалдар берілген. Гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында әртүрлі топтамалар ұсынылған.
    • Заңнама, бизнес, менеджмент, экономика және әлеуметтану бойынша әдебиеттер кеңінен ұсынылған.
 7SPRINGER

    • Springer бұл 2900 астам журнал және 200 000 астам кітаптары бар баспа.
    • Springer авторлар, сатып алушылар және серіктестер үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
    • SPRINGERLink-те сегіз миллионнан астам ғылыми құжаттарды және көшірмесін шығару үшін бүкіл әлем бойынша тегін жеткізетін SPRINGER -дүкенінде 255,510 кітапты оқи аласыз. Кітаптарды кез-келген құрылғыдан оқуға болады.
8Elsevier

    • Elsevier – әлемдегі ең ірі төрт баспа үйінің бірі, ол жыл сайын әлемде шығарылатын ғылыми журналдардың барлық мақалаларының төрттен бір бөлігін шығарады. Elsevier 250 мың мақалалардан тұратын 2000 астам ғылыми журналдар шығарады. Компания ғылыми мерзімдік басылымдар мен SCOPUS дәйексөздерінің дерекқорын жүргізеді. Баспаның мұрағатында шамамен 7 миллионнан астам мақалалар бар.
    • Elsevier – шамамен әлемнің 180 елінен 4500 ұйымдары мен университеттері үшін ғылыми мақалалар мұрағатына қолжетімділікті ұсынады.