Академия қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының эконмикалық, әлеуметтік, мемлекеттік-құқықтық және мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан ғалымдарын кәсіби тұрғыда шоғырландыру, жоғары оқу орындарының ғылыми-инновациялық қызметін дамыту, ғылыми қызметтің қортындысын тәжірибеге негізу, ғылымның барлық салаларын, Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындары мен жоғары оқудан кейінгі білімді маңызды және болашағы бар терең білім беру және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру арқылы дамыту болып табылады.
Негізігі қызмет пен мақсаттар:

  • Академия қызметінің бағытына сай ғылыми білімінің даму беталысын зерттеу және бағдарлау;
  • заң, экономикалық және басқа да гуманитарлық ғылымдар саласында әлемдік ғылымның беталыс пен жетістіктеріне сай терең білім беру және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру;
  • алынған қортындыны тәжірибеде белсенді қолдануға ықпал жасау;
  • Академия құрамына кіретін, ҒЗИ қызмет бағытына сай ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • құқықтық саясат және жаңа заңнамаларды жетілдіру сұрақтары бойынша орталық мемлекеттік органдар жұмысшыларының біліктілігін көтеру;
  • нормативтік-құқықтық актілерді және басқа да заң құжаттарын өңдеп, сараптау жұмысына қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заң Министрлігінің сот сараптама Орталығының сот сарапшыларынның кәсіби қызметтің жаңа түрлері бойынша қосымша білім, дағды, машық алу үшін қайта даярлау, біліктілігін көтеру;
  • Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің жедел-қылмыстық істер департаментінің қылмыстық істер боыйнша мамандардың теориялық білімін және тәжірибелік машықтарын жандандыру, мақсатында қайта даярлау, біліктілігін көтеру;
  • Қазақсан Республикасының қаржы Министрлігінің кеден органдары қызметкерлерінің қызметін тиімді өткізу үшін және әлеуетті дамыту мақсатында қайта дайындау, біліктілігін арттыру;
  • Университеттің құрамдас бөліктерімен қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру ісін бірігіп өткізу;
  • лаңкестік пен эстремизмге қарсы күрес саласы бойынша келісім-шартта көрсетілген жұмысты орындау;
  • Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауын және ҚР БҒМ студенттердің ғылыми конференцияларын ұйымдартыру және өткізу;
  • аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау және баспаға басу үшін ұсыныстар айту;
  • бекітілген тәртіп бойынша ғылыми (академиялық) атақ беру туралы өтіну;
  • ғылыми дәрежесі PhD докторларының және академиялық дәрежедегі магистрлердің диссертацияларының қолжазбаларын көпшілік алдында қорғау үшін талдау және ұсыныс айту;
  • басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерімен ғылыми зерттеу қызметін үйлестіру және олардың зерттеу жүргізуге және Академия бағыты бойынша ғылыми кадрларды дайындауға көмек көрсету;
  • өткізіліп жатқан негізгі іздену бағыттары бойынша отандық жетекші жоғарғы оқу орындары, мекемелерімен және шетелдің ғылыми орталықтарымен ғылыми байланысты дамытып, бекіту;
  • университетті дамытуға және шетелдік жоғарғы оқу орындары, халықаралық мекемелер, қорлармен халықаралық қарыс-қатынасты дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды өңдеп, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру;
  • «Құқық» мамандығының тобы бойынша Республиканың жоғарғы оқу орындарының қызметін әдістемемен қамтамасыз ету;
  • ғылыми-педагогикалық кадрларын жинап құру мен өсуі бойынша және ППҚ ғылыми біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру бойынша «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның міндеттерін жүзеге асыру,
  • магистранттарға, студенттерге, PhD докторларына, профессор-педагогтар құрамына және ғылыми қызметкерлерге ҒЗЖ мен ҚҒЗЖ сұрақтары бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету;
  • Университеттің құрамдас бөліктері мен кафедралардың ғылыми қызметін үйлестіру;
  • студенттердің, магистранттардың, PhD докторларының Университет және Университет аралық конференцияларын, халықаралық ғылыми конференцияларды, кездесулерді, симпозиумдерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және т.б. ғылыми форумдерді «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның базасында ұйымдастырып, өткізу және оларды БАҚ жариялау;
  • басқа да құрамдас бөліктерге ғылыми форум, кездесулерді, тұсаукесерлерді, дөңгелек үстелдерді өткізуге көмектесу;
  • университеттің құрамдас бөліктерімен бірлесіп ғылыми форумдар, ғылыми конференциялар жинағын, материалын, ақпараттық басылымдарды дайындау;
  • университеттің жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК), студенттік Технопарк, студенттердің ғылыми қоғамының (СҒҚ) қызметін үйлестіру;
  • университеттің құрамдас бөліктерімен келісілген университеттің ҒЗЖ жоспарын Университет жетекшілігі бекіту үшін Ғылыми Кеңесте талдауға ұсыну;
  • университеттің құрамдас бөліктері университеттің ғылыми жұмысы туралы, оқу үрдісі мен ҒЗЖ ғылыми- ақпаратпен қамтамасыз етілгені туралы берген есептер негізінде есептер құрып, Ғылыми Кеңес мүшелеріне талдауға және Университет жетекшілігі бекітуіне ұсыну;
  • Академия құзыретіне тиісті АҚ Басқармасы мен Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, жас ғалымдар, студенттер арасында ең үздік ғылыми жұмыс байқауын, ҒЗЖ және ҚҒЗЖ ең үздік ұйымдастырған кафедра байқауын өткізу және ұйымдастыру;
  • Университеттің ҒЗЖ жоспары бойынша өткізілетін ғылыми зерттеулерді, мемлекеттік бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілген терең ғылыми зерттеулерді және мемлекеттік органдар қызметіне енгізу үшін бағытталған ғылыми жинақтарды бекітілген тәртіп бойынша есепке алып тіркеу,
  • жобаларға, бағдарламаларға, конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға және т.б. республикалық және халықаралық маңызы бар ғылыми шараларға ғалымдар мен білім алушыларды қатыстыруға ықпал ету;
  • Университет басшылығының марапаттауымен ғылыми-зертту қорытындысы бойынша ерекшеленген қызметкерлерге және ұйымдастыру қызметі үшін сыйақы беру туралы бұйрықтар жобасын дайындау;
  • Академияның ағымдағы жыл қызметі туралы жыл сайынғы есепті тапсыру.