Құрылған сәтінен бастап Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты басқа ғылыми ұйымдармен байланыстарды дамытып, ғылыми институттың қызметін реттеу және басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми әзірлемелер саласында және ғылыми кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың жүзеге асыратын өзге де қызмет мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді. Мысал ретінде Беларусь Республикасының Ұлттық заңнама және құқықтық зерттеулер орталығымен, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен белсенді ынтымақтастықты келтіруге болады.

Институт Ғылым күніне арналған жыл сайынғы Республикалық студенттік конференцияны және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілетін заң мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жобаларының республикалық сайысын өткізу арқылы дарынды студенттерді барынша қолдайды. Сондай-ақ Мемлекет және құқық институты ғылыми қызметшілерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, PhD докторанттары, магистранттар мен студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыс және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуде жәрдем береді.

Ғылыми әлеуеті зор институт мемлекеттілік пен заңдылықтың ең маңызды мәселелері, әкімгерлік-басқарушылық және шаруашылық қатынастарды құқықтық реттеу, сондай-ақ құқықтық актілерді сараптамалық бағалау мәселелері бойынша ғылыми құқықтық негіз болуы мүмкін.

ҒЗИ директорының өмірбаяны
Мемлекет және құқық ҒЗИ құру тарихы
Мемлекет және құқық ҒЗИ миссиясы
Мемлекет және құқық ҒЗИ пайымы
Мемлекет және құқық ҒЗИ мақсаттары
Мемлекет және құқық ҒЗИ міндеттері
Мемлекет және құқық ҒЗИ қызметі
Мемлекет және құқық ҒЗИ қызметшілері
Байланыс деректері: