Азаматтық – құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты – С.Зиманов атындағы терең білім беру және қолданбалы ғылымдар Академиясы Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің мамандандырылған институттарының бірі. Азаматтық – құқықтық зерттеулер ҒЗИ «ҚазМЗУ» АҚ Президентінің № 1-165/08 бұйрығымен 2008 жылдың 24 желтоқсанында құрылған және өз қызметін заң ғылымдарының докторы, профессор Т. Қаудыровтың жетекшілігімен атқарып келеді.

Азаматтық – құқықтық зерттеулер ҒЗИ азаматтақ құқық саласында және осы саламен байланысты ғылымдар аумағында ауқымды ғылыим-зерттеу бағдарламалар жұмысын жүзеге асырады, қазақстандық заңнамаларды жетілдіруге маңызды үлесін қосып, заң қызметін көрсетеді, заң құжаттарын, заң жобаларын және басқа да нормативті-құқықтық актілер жобасын өңдеп, сараптамадан өткізу жұмыстарымен айналысады.

Еліміздің ғылыим-зерттеу секторына шынайы сұранысы мен бірігіп жұмыс істеу қажеттілігіне байланысты азаматтық – құқықтық зерттеулер ҒЗИ мемлекеттік органдар мен мекемелермен, оның ішінде Қазақстан Республикасының заң Министрлігімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен, Қазақстан Республикасының заң Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтар бойынша Комитетімен, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау Агенствосымен (Антимонополиялық агенттік), Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетімен тығыз кооперациялық ізестіру жұмыстарын жүргізуді ниет етіп отыр.

Азаматтық – құқықтық зерттеулер ҒЗИ Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымымен (ДЗМҰ) – зияткерлік меншіктің дамуының әлемдік орталығымен тығыз байланыс орнатты. Осы белсенді мекемемен бірігіп 2011 жылдың тамыз айында ҚазМЗУ базасында зияткерлік меншік құқығын оқытудың мәселелеріне арналған халықаралық симпозиум өтті.

2012 жылы азаматтық – құқықтық зерттеулер ҒЗИ Регенсбург қаласындағы Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Еуропа ғылыми орталығының (WiOS) жанындағы Мюнхен институтымен тығыз қарым-қатынас байланысын орнатты. Бұл жұмыс заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Әбдірасуловтың жетекшілігі мен тікелей қатысуымен жүргізіледі.

Азаматтық – құқықтық зерттеулер ҒЗИ республикалық ғылыми жобаларға қатысады, оның қызметкерлері ұлттық және халықаралық журналдарда мақалаларын жариялап тұрады.

Байланыс деректері:
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қорғалжын шоссесі, 8, 615 каб.
Телефоны: 8 (7172) 70-30-35 (ішкі.1072)
Электрондық мекен-жай: igpi.kz@mail.ru