КАЗГЮУ-да ҚР ІІМ жедел криминалистикалық бөлімшесінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізіледі

2015 жылдың 16-21 қараша аралығында КАЗГЮУ Университетінің соттық экпертизалар Институты базасында ҚР ІІМ жедел криминалистикалық бөлімшесінің қызметкерлеріне арналған «Трасологиялық зерттеулерді өндіру әдістемесі. Қылмыс қару-жарақтары мен транстпорт құралдары, аяқ киім іздерін есептеуді жүргізу және қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізіледі.

Оқытуды сапалы жүргізу мақсатында іс-шараға жоғары сапалы білім беретін Федералдық мемлекеттік қаржы оқыту мекемесі «Волгоград Мемлекеттік аграрлық университетінің» «Құқық» кафедрасының басшысы – доцент, техникалық ғылымдар кандидаты Смольяков Петр Павлович, сонымен қатар, КАЗГЮУ Университетінің оқытушылар құрамы мен Соттық экспертизалар Интитутының қызметкерлері шақырылды.

Атамыш курсты өткізудің негізгі мақсаты ҚР ІІМ маман-криминатистерінің профессионалдық білімі мен тәжірибелік біліктіліктерін жетілдіру, сонымен қатар, криминатисттер жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау және шолу жасау, қылмыстың түрлеріне қарай криминалистік полигонда өткізілетін тәжірибелік сабақтарда қылмыс орнын қарастыру, тексеру өткізу шеберліктерін қалыстастыру.

Оқу үдерісінің негізгі талаптары білім берудің теориялық жақтарымен байланысты мәселелерді қарастыру, із бойынша жұмыс істеу құралдары мен әдістер жүйесін, трасологияның теориялық тегіндерін үйрету, заттар мен материалдық-тұрақталған зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қолданылатын техникалық құралдар мен ғылыми әдістерді қабылдау жолы арқылы трассология аумағында арнайы білімді пайданалуға бағытталған шеберлікті қалыптастыру. Курсты аяқтағаннан соң ҚР ІІМ маман-криминалистеріне оқыту семинарына қатысқаны жөнінде Сертифаттарды ресми табыстау рәсімі өткізіледі.