КАЗГЮУ-де алғаш рет М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетімен онлайн-дөңгелек үстел өтті

2015 жылдың 19 қарашасында сағат 15.30-да « КАЗГЗУ Университеті » АҚ-ның Үш би залында алғаш рет М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетімен « Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтық-процессуалдық заңнамасы: қазіргі заманғы дамудың басты проблемалары» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті.

КАЗГЮУ Университетінің атынан азаматтық және азаматтық-процессуалдық құқық кафедрасының, азаматтық-құқықтық зерттеу ҒЗИ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ ҚР азаматтық-процессуалдық кодексін әзірлеушілер, сот корпусының өкілдері, жеке сот орындаушылары, Қазақстан Республикасының тәжірибе алушы заңгерлері өкілдік етті. Сонымен қатар, іс-шараға “КАЗГЮУ Университеті” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, PhD докторы М.М. Дауленов және ЖҚМ директоры з.ғ.д, профессор У.Ш. Шапак қатысты.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің сайтында өткізілген онлайн-дөңгелек үстелтуралы ақпарат бар, онымен мына сілтеме бойынша өтіп, таныса аласыздар: http://www.law.msu.ru/node/38668
Осы іс-шараны өткізуге жауаптылар М.В. Ломоносов атындағы ММУ азаматтық процесс кафедрасының меңгерушісі М.К.Треушников, з.ғ.д., профессор Е.В.Кудрявцева, сонымен қатар «КАЗГЮУ Университеті» АҚ АҚЗ ҒЗИ директоры, з.ғ.д, профессор Т.Е. Каудыров, кафедра меңгерушісінің м.а. В.В.Зинченко, PhD докторы А.А. Асылбекова болып табылды.