Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы халықаралық онлай-конференцияға қатысты

30 қараша күні КАЗГЮУ-дің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылық құрамы «Жаһандану, қазіргі Қазақстан және адам құқығы» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Аталмыш конференция Баймаханов оқулары шарасының шеңберінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алтай Мемлекеттк университеті (Ресей Федерациясы) Жоғарғы оқу орындарымен бірлескен түрде өткізілді және Қазақ Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналып ұйымдастырылған болатын.
Конференцияның ұйымдастырушысы з.ғ.д., профессоп Бусурманов Ж.Д болды. Конференцияда өз баяндамаларымен з.ғ.д., профессор Жусупов А.Д. (КАЗГЮУ Университеті), аға оқытугы Аяфов А.Т. (КАЗГЮУ Университеті), з.ғ.к., доцент Нурышева Т.С. (Университет КазГЮУ), к.и.н., доцент Нурмагамбетова С.Б. (Университет КАЗГЮУ), з.ғ.к., доцент Орманова Ш.Ш. ( Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ), з.ғ.д., профессор Ибраева А.С., з.ғ.д., профессор Баймаханова Д.М. (Аль-Фараби ат. ҚазҰУ), з.ғ.к., доцент Калашник Н.И. (АлтМУ РФ) қатысты.

Баяндамашылар өз баяндамаларында конституциялық қатар және мемлкеттік суверенитетті, адамның және азаматтың конституциялық-құқықтық беделін қорғау мәселелерін, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы азамат құқығын қорғау және өкілдіктің ерекшеліктері, жаһандану үдерісінде мемлкеттің қаржылық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін сөз етті.