2016 жылдың 7-8 сәуірінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да «Құқыққорғау қызметіндегі замануи видео-фоноскопиялық мүкіндіктер мен технологиялар» тақырыбына оқу семинары өткізіледі.

Уақыты: сағ.10:00. 7 сәуір 2016 жыл
Орны: «КАЗГЮУ Университеті», (Қорғалжын тасжолы, 8, каб. 402)

2016 жылдың 7-8 сәуірінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да «Құқыққорғау қызметіндегі замануи видео-фоноскопиялық мүкіндіктер мен технологиялар» тақырыбына оқу семинары өткізіледі.

Шараның ұйымдастырушылары: «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Сот сараптамасы институты Тілдік Технологиялар Орталығы (Мәскеу қ.) және Аудиовизуалды құжаттардың криминалистикалық лабораториясы (Санкт-Петербург қ.) болып табылады.

Семинарға ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ қызметкерлері, ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығының сот сарапшылары мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметінің мамандары қатысады.

Семинар аясында видео-фоноскопиялық зерттеулердің келесі бағыттары қарастырылады:

– ауызекі тілдің фонограммалары бойынша тұлғаны тілге тәуелді және тілге тәуелсіз криминалистикалық анықтау. Дауыс пен тілдік үлгілерін іріктеудің ерекшеліктері;

– ауызекі тілдің фонограммалары бойынша тұлғаны жедел (автоматты) анықтау. Жедел-іздестіру шараларын өткізуде дауыс пен тілдік үлгілерін іріктеудің ерекшеліктері;

– сандық фонограммалар мен видеофонограммалардың аутенттілігінің (іздердің мидификациялануын және жазылымның үзілмеуіндегі қателіктерді анықтау) диагностикасы;

– жедел-іздестіру шараларын өткізу арқылы алынған фонограммалар мен видеофонограммалардың аутенттілігін қамтамасыз ету. Видеожазбаларды тасымалдаушылар мен құралдарды беру-алу ерекшеліктері.

– шуды тазалау және жазылған тілдің анықтығын арттыру;

– жол-көлік апаттары жағдайындағы мән-жайларды анықтауда видеосуретті зерттеу;

– беттің видеосуреті бойынша тұлғаны автоматты анықтау және жедел іздестіру;

– криминалистикалық және жедел фоноесептер.

Оқыту қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық құқық және криминалистика саласындағы көрнекті ғалымдар мен білікті мамандарды тарту арқылы жүзеге асырлады: ҚР Жоғары Сотының судьясы, з.ғ.к., профессор А.А.Касимов; Қылмыстық –процессуалдық зерттеулер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету ғылыми-зерттеулер институтының директоры, з.ғ.д., профессор М.Ш. Қоғамов, Ғылыми сараптама және талдау институты директорының орынбасары, з.ғ.д., профессор Р.Т. Нуртаев; ҚР Бас прокуратурасы Астана қ. бойынша Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің пәндік есеп-тіркеу жағдайын қадағалау тобының прокуроры Ж.У. Бейсенов; КАЗГЮУ Сот сараптамасы институтының директоры, з.ғ.д., профессор К.К.Сейтенов; КАЗГЮУ Құқық жоғары мектебі директоры, з.ғ.к., доцент С.Г.Пен; ҚР ІІМ Іздестіру департаменті аса маңызды істер бойынша аға тергеуші полиция подполковнигі С.Е.Жанатаев; қылмыстық-процессуалдық және криминалистика кафедрасының профессоры, з.ғ.к. К.В.Ким және Сот сараптамасы институтының жетекші ғылыми қызметкері В.В.Салиенко.

Сабақтар оқу жоспары бағдарламасына сай өткізіледі. Мұнда оқытудың практикалық компоненттеріне көңіл бөлінеді. Оқу сабақтарында заманауи білім беру технологиялары, мультимедиялық таныстырулар мен олардың компьютерлік қамсыздандырылуы қолданылады. Практикалық сабақтарды өткізу үдерісінде тыңдаушылар арнайы дайындалған лабораториялық аудиториялар мен криминалистикалық полигондағы материалдар бойынша оқу тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.