Нұртас Иманқұл. «Еврейлер туралы еврейлер тағылымы»

Нұртас Иманқұл. «Еврейлер туралы еврейлер тағылымы» Астана, 2016. – 424 бет.

Бұл кітапта ұлы еврей халқының қысқаша тарихы мен болмысы баяндалады. Еврейлер туралы ақиқатты зерделеу үрдісінде қасиетті «Құран Кәрім», «Тәурат», «Інжіл» және еврей оқымыстылары Исраэль Бен Шимон, С.М. Дубнов, М. Шапиро және т.б. еңбектеріндегі еврейлер туралы мәліметтер қарастырылады. Тұңғыш рет қазақ тілінде еврейлердің 613 өсиеті (мицвот), діни ұғымдары, дұғалары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері жарық көріп отыр.

Бұл кітапты қазақ тіліндегі еврейлер туралы шағын энциклопедия десе де болады.

Қазақтың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту мақсатында, ғылыми-теориялық, тарихи-компаративистік әдіснамаларға негізделіп дінтану, философия, тарих, мәдениеттану пәні мамандарына, магистрант, докторанттар және барша Ақиқатты сүюші көпшілік оқушы қауымға арналған.