Қалиолла Сейтенов Ресей Федерациясында «Сот сараптамасына қосқан үлесі үшін» марапатталды

Сот сараптамасы институтының директоры, профессор К.К.Сейтеновты Ресей Федерациясында алған «Сот сараптамасына қосқан үлесі үшін» кезекті марапатымен құттықтаймыз. Қалиолла Қабаевич сот сараптамасы саласында Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де беделді мамандардың бірі болып табылады. Сіздің тәжірибеңіз бен жетістіктеріңізді бағаламай қою мүмкін емес. Біз Сізге әлі де талай жеңістерге жетуіңізге, сіз басқарып отырған Институттың, жалпы ғылымдағы дамуында жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.