Қазақстан сот сараптамасы саласында дүниежүзілік тәжірибені енгізуде

Алғаш рет Қазақстанда КАЗГЮУ Университеті мен ҚР Әділет министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірге «Сот сараптамасын күшейту» атты бірегей жобасын жүзеге асыруда. 2018 жылға дейін іске асырылатын осы ауқымды жобаға Key Forensic Services Ltd (KFS)  сот сараптамасы саласындағы жетекші компания, Лондонның Корольдік колледжі (KCL) – ең ірі мемлекеттік зерттеу университеті, сондай-ақ QPA strategies Ltd. (QPA) және Astana Garant Consulting (AGC).

Жоба барысында бірлескен зерттеулер үш бағыт бойынша жүргізіледі. «Сот-сараптамалық қызметтің тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу және сынау» атты алатын бірінші кезең аясында халықаралық тәжірибе тұрғысынан Қазақстанда сот және медициналық сараптаманы өткізу тәжірибесін зерттеу жоспарланады. Одан басқа, тараптар сот-сараптамалық қызметтің тиімділік көрсеткіштерін және тиісті Пайдаланушы нұсқаулығын әзірлейді, сот-сараптамалық қызметтің мәселелеріне қатысты халықаралық конференцияларды ұйымдастырады.

«Сот сараптамасының заңнамалық және институционалдық базасын жетілдіру» атты екінші бағытының қорытындысы бойынша сарапшылар «Сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР заң жобасына өз ұсыныстарын енгізеді.

Сарапшы кадрларының біліктілігін арттыру»  деп аталатын үшінші бағыт бойынша жергілікті сарапшылардың шетелдегі оқу орындарында және сараптамалық мекемелерде біліктілігін арттыру бойынша тренингтер ұйымдастырылады.