«Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайтуда халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың рөлі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел

2016 жылдың 3 желтоқсан күні Халықаралық құқық орталығы КАЗГЮУ Университетінің Халықаралық құқық кафедрасымен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Заң шығару институтымен бірге «Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайтуда халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың рөлі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді.  

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасында халықаралық құқықты дамыту беталыстары және халықаралық сахнада Қазақстанның беделін нығайтуда халықаралық ұйымдардың рөлі талқыға салынды.

Қазақстан Республикасында халықаралық құқық дамуының өзекті мәселелерін талықлау нәтижелері бойынша дөңгелек үстелдің баяндамалары жинағында жарияланатын ұсыныстар қабылданды.