Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасын құру жөніндегі мәселе қаралуда

Бұл жөнінде бүгін Қазақстандағы сот сараптамасын жетілдіру бойынша жұмысқа арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев хабарлады.

Конференцияға қатысушылар елімізде сот-сараптамалық қызметтің бәсекелі нарығын құру бойынша шараларды, сондай-ақ сот-сараптамалық қызметті біртіндеп монополиясыздандыру үлгісін енгізу мәселелерін талқылады.

Әділет министрі отандық құқықтық жүйесінің дамуы әр түрлі институттардың, оның ішінде сот сараптамасының қызметін жетілдіруді талап ететіндігін белгіледі. Жуырда Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасын құру мәселесін қарау, сондай-ақ сот саласының практикалық мәселелерін зерделеу жоспарланады.

Қазақстанда сот сараптамасының институтын жетілдіру бойынша алдағы жұмыс біртіндеп жүзеге асырылмақ. Бұл жұмыс «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында іске асырылады, оның әріптестері Дүниежүзілік банктің қолдауымен ҚР Әділет министрлігі және КАЗГЮУ Университеті болып шығады. 2018 жылға дейін іске асырылатын жобаға білім беру және құқықтық саланың халықаралық сарапшылары тартылған – Key Forensic Services Ltd (KFS) Сот сараптамасы саласындағы жетекші компания, Лондонның корольдік колледжі (KCL) – ең ірі мемлекеттік зерттеу университеті, сондай-ақ QPA strategies Ltd. (QPA) және Astana Garant Consulting (AGC).

ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда сот-сараптамалық қызмет саласындағы барлық қызметтер бірыңғай мекемеде ұсынылады.

«2016 жылы барлық сараптамалық функцияларды бір сараптамалық органда – Әділет министрлігінде орталықтандыру рәсімі аяқталды. Қазір бұл жерде 55 сараптамалық мамандықтар бойынша сот сараптамаларының 29 түрі іске асырылады. Осы уақытта сот-сараптамалық қызметті халықаралық аккредиттеу стандарттарының деңгейіне дейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Бұл отандық сот сарапшыларының қорытындыларын шетел соттарында тану үшін қажет», – деп белгіледі Министрлік өкілі өзінің баяндамасында.  

Қазіргі таңда Қазақстанда жүзден астам жеке сот сарапшылары қызмет етуде, олар өз қызметін мемлекеттік органдардың сот-сараптамалық қызметінің баламалы бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия негізінде іске асырады.

Салалық министрлікте мемлекеттік сараптама жүйесін дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, сот сарапшыларының институты бәсекелі ортаны құруға арналғандығына сенімді.

«Сот-сараптамалық қызметтің мемлекеттік емес жүйесінің институтын сот сарапшыларының палатасын құру арқылы дамыту қазіргі кезде Парламентте қаралып жатқан «Сот-сараптамалық қызмет туралы» заң жобасымен қарастырылған», – деп хабарлады Ж. Ешмағамбетов.  

Өз кезегінде М. Бекетаев шетел сарапшыларының сот-сараптамалық қызметіне жүргізілген талдауы жобаның бір әріптесі – КАЗГЮУ Университетінде, еліміздің ең ірі жетекші оқу орнында жаңа оқу бағдарламасы үшін негіз болатындығын белгіледі.  

Осыған дейін хабарланғандай, бірлескен жобаны жүзеге асыру барысында зерттеулер үш бағыт бойынша жүргізілмек: «Сот-сараптамалық қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу және сынау», «Сот сараптамасының заң шығару және институционалдық базасын жетілдіру» және «Сараптама кадрларының біліктілігін арттыру».