Конституциялық реформаның қажеттілігі туралы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша 2017 жылғы 31 қаңтарда Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Сергей Федорович Ударцев КАЗГЮУ Университетінің студенттері мен оқытушыларына “Конституция және алдағы конституциялық реформа туралы” атты тақырыпқа дәріс оқыды.
Бұл дәріс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Конституцияға мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша бүкілхалықтық талқылауға  ұсынған және шығарған өзгерістерін түсіндіру және насихаттау аясында өткізілді.