Халықаралық ғылыми конференция

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында КАЗГЮУ Университетінде «ХХІ ғасырда мықты құқықтық мемлекетті қалыптастыру: отандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, бұл конференцияны КАЗГЮУ Университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ ұйымдастырды.                

Конференцияның басында өзінің кіріспе сөзімен КАЗГЮУ Университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор С.Ф. Ударцев және «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – С.Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының директоры, PhD докторы М.М. Дауленов сөз алды.

Шара барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Оның ішінде, КАЗГЮУ Университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы меңгерушісінің м.а., з.ғ.к. Ж.Г. Калишеваны және Азаматтық және азаматтық-процестік құқық кафедрасының аға оқытушысы,  PhD докторанты Э.Л. Бабаджанянды ерекше атап өту қажет.