КАЗГЮУ Университетінің профессоры БҰҰ сарапшысы ретінде баяндама жасады


2018 жылдың 13-15 маусым аралығында Қылмыстық сот төрелігі және ғылыми сараптама мәселелері бойынша ҒЗЖ басшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор М. Қоғамов
UNODC (БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстық жөніндегі басқармасы) Астана қаласындағы Бағдарламалық кеңсесінің басшысы, АИТВ жөніндегі өңірлік кеңесші Сигне Ротбергпен бірге Душанбе қаласында өткен дөңгелек үстелдің отырысына қатысып, Тәжікстанда есірткіге тәуелді адамдарды емдеу, оның ішінде метадонды пайдаланып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан есірткіге тәуелді адамдарды емдеу тәжірибесін талқылауға атсалысты. Бұдан басқа, дөңгелек үстелде Тәжікстанның үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік органдарының делегациясы Украинаның Полтава облысына барған кезде, есірткіге тәуелді адамдарды жүйелі әрі кешенді емдеу бойынша оң тәжірибесімен танысқандары ортаға салынды.

Профессор М. Қоғамов бұл шараға БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің сарапшысы ретінде қатысты. Ол Тәжікстанның есірткіге тәуелді адамдарды анықтау және оларды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу бөлігіндегі қолданыстағы құқығын зерттеу нәтижелері жайында баяндап, заңнаманы және осы мәселе бойынша оны қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын берді.