Дөңгелек стол “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі қылмыстық саясаты: жаңа көзқарас және перспективалары”

Заң ғылымдарының докторы, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің профессоры, Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясатына және құқық қолдану практикасына елеулі үлес қосқан, Қазақстанның криминологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі Жекебаев Ұзыке Сиқынбайұлының туғанына 95 жыл толуына орай, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti 2022 жылғы 11 наурызда сағат 12:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) аралас форматта (offline және online) өтетін «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі қылмыстық саясаты: жаңа көзқарас пен перспективалар» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Online қатысу үшін сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/4953356094?pwd=TUlIOE1JbFYrdFBLdzlTM21SR2FFZz09

Конференция идентификаторы: 495 335 6094
Кіру коды: 111

Offline қатысу үшін мекенжай:

Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 8, M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің бас ғимараты, 5-қабат, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Конференц-холл.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы қылмыстық-құқықтық саясаты, құқық қорғау және сот жүйелерін дамытудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, қазіргі жағдайда қылмысқа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша мәселелер талқыланады.

Барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша Ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

Сокурова Эрмек Жээнбековна – з.ғ.к., Құқық жоғары мектебінің Қылмыстық сот төрелігі департаментінің Teaching Professor-ы;
e-mail: е_sokurova@kazguu.kz
Тел.: +7 (701) 960-99-97

Калишева Жаннетта Гайсовна – з.ғ.к., Құқық жоғары мектебінің Жария құқық департаментінің Professor Emeritus.
e-mail: zh_kalisheva@kazguu.kz
Тел.: +7 (701) 455-97-27

Қадырбеков Әлішер Даржанұлы – з.ғ.м., Құқық жоғары мектебінің Қылмыстық сот төрелігі департаментінің Teaching assistant-ы.
e-mail: a_kydyrbekov@kazguu.kz