СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАНЫ ЖҮРГІЗУ ҚҰНЫН АЙҚЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

Осы үзінді көшірме Үйлестіруші сараптаманың күрделілігіне қарай айқындайтын және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) келісілген (09.03.2022 жылғы шығ. № 2-2-8/4851) нормативтік құқықтық актінің нақты жобасына (бұдан әрі – НҚА жобасы) сараптама жүргізу үшін сарапшының көрсеткен қызметіне ақы төлеу құнын айқындау процесін регламенттейді.
НҚА жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми бір сараптама жүргізу бойынша сарапшы қызметінің құнын есептеу формуласы: НҚА = БП + (⅀ (N x Kn).

Алынған сомаға 1,12 коэффициенті қолданылады – ҚҚС сомасы.

НҚА жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының құнын есептеу кезінде мыналар қолданылады:
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының құнын есептеу кезінде мыналар қолданылады:
1. БК – нормативтік құқықтық акт жобасының түрі ескеріле отырып, оның ішінде ұсыныстарсыз, дайындалған бір сараптама үшін сараптаманы дайындауға қатысқан барлық сарапшыларға бірдей бөлінетін базалық көрсеткіш.
НҚА жобасы «Ұсыныстарсыз» өткен жағдайда, сарапшыға НҚА түріне қарай базалық көрсеткішке (БК) тең сома төленеді. НҚА сараптамасына бірнеше сарапшы қатысқан кезде төленетін БК сомасы олардың арасында бірдей үлестерге бөлінеді.

2. Kn – НҚА түрі ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ақшалай нысандағы көрсеткіші.
БК, сондай-ақ НҚА түрлері бойынша Kn мынадай сомаларды құрайды:

НҚА жобасының түрі БК құны (тг.) Kn құны (тг.)
ҚРЗ жобасы 22 500 23 511
ОМО НҚА 15 000 17 633
ЖАО НҚА 7 500 14 694

3. N – ұсыныстар саны.
⅀ (N x Kn) – сарапшылардың ұсыныстарымен байланысты көрсеткіштер.
Сарапшы НҚА жобасына қатысты ұсыныс енгізген жағдайда, оған мынадай сома төленеді: БК (НҚА түріне қарай) + Kn (НҚА түріне қарай).
Үйлестіруші сарапшының қандай да бір жоба бойынша сараптама жүргізу кезінде ұсыныстың қасақана қайталағанын анықтаған кезде, бұл ұсыныс бір ұсыныс ретінде ескеріледі.
Бір НҚА жобасына бірлесіп сараптама жүргізген кезде бірнеше сарапшы бірдей ұсыныс енгізген кезде, бұл ұсыныс бір ұсыныс ретінде ескеріледі және Kn төленетін сома (НҚА түріне қарай) олардың арасында бірдей үлестерге бөлінеді.
НҚА жобасына қайталама сараптаманың ақысы төленуге жатпайды.

Бұл көрсеткішті есептеу кезінде нормативтік актінің әзірлеушісі ескермеген жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғуы мүмкін әлеуетті салдарды сипаттайтын ұсыныстар ескеріледі.
Сарапшының ұсынысына, оның уәжділігіне, толықтығына, ғылыми негізділігіне, объективтілігіне қатысты Үйлестірушінің ерекше пікірі болған жағдайда, бұл ұсыныс сараптаманың құнын есептеу кезінде ескерілмейді.