“Құқық” бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің отырысы

2024 жылғы 5 сәуірде «Құқық» мамандығы бойынша базалық университет MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY базасында құ құқық бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын еліміздің барлық жоғары оқу орындары өкілдерінің, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Комитеттерінің төрағаларының, Әділет министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Республикалық нотариаттық палата және заң қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен ОӘБ кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ Төрағасы Талғат Нарикбаевтың төрағалығымен өтті.

Отырыста ОӘБ жоғары оқу орындары-мүшелерінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY есептері тыңдалып, онда «Құқық» тобының білім беру бағдарламалары, білім беру бағдарламаларында білім алушылар контингенті, түлектерді жұмысқа орналастыру, негізгі білім беру траекториясына және қосымша сертификаттау бағдарламаларына енгізілген минор-бағдарламалар, білім алушылардың жетістіктері, интернационалдандыру, ғылым және зерттеулер туралы мәліметтер көрсетілген есептер ұсынылды.

Отырысқа қатысушылар заңгерлік білім беру сапасын арттыру және «Құқық» бағыты бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру тәсілдерін өзгерту, білім беру бағдарламаларын кәсіби аккредиттеудің артықшылығы және мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кандидаттарды конкурстық іріктеуде олардың рейтингінің рөлін арттыру мәселелерін талқылады. Отырысқа қатысушылардың Қазақстанда заңгерлік білім беру және заңгерлерді даярлау, ЖЖОКБҰ мен заң қоғамдастығы шешуі қажет мәселелер туралы мәселелерін жан-жақты талқылауы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша «Құқық» бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестік базасында заң білімін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Презентационный отчет КазНУ им.Аль-Фараби

Презентационный отчет ЕНУ

Презентационный отчет MNU

КарУ им. акад. Е.А.Букетова Новый подход к формированию _Гос. заказа 2024

Толығырақ