Author Archives: zuhra_manager

“Құқық” бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің отырысы

Подробнее

(Рус) Программа УМО по направлению «Право» MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY

 

«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ бағдарламасы

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY 

Өткізу күні:                                     26 қазан  2023 жыл

Басталуы:                                        15.00

Қосылу платформасы:                  Zoom

 

Қосылуға арналған сілтеме:

 

Zoom Конференциясы

https://us02web.zoom.us/j/85123370435?pwd=ZSthYnhkZmlKR0ZlaElNUGtEa1QyZz09

 

 

 

Конференция идентификаторы: 851 2337 0435

Кіру коды: 290044

 

 

14.40-14.55 Қатысушыларды қосу
15.00 Модератор

Нарикбаев Талгат Максутович – ОӘБ төрағасы

Қатысушылармен сәлемдесу

 
         
15.05

15.25

1.   Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің пилоттық жобасының нәтижелері туралы – «Интегралдық GPA жүйесінде оқитын зерттеу дағдыларын бағалау ерекшеліктері» 1.Жакупова А.Д.-   Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің  ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректоры
15.25

15.55

1. Академиялық қызметте Жасанды Интеллекттің әсері мен қолданылуы

2. Жасанды интеллект және заң мамандығының болашағы

1. Маханбаева Н.Н.- AIL Project Office Head

2. Шайкенов А. Б. – Қазақстандағы Dentons басқарушы серіктесі

15.55- 16.10 ЖБТ-жаңартылған мазмұны бар оқулықтар:

Идрышева С.К.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

ОҚУ ҚҰРАЛ

 

1.Калишева Ж.Г.- «Құқық» бағыты бойынша ЖБТ-ОӘБ әкімшісі

 

2023 жылғы 16 маусымда сағат 16.30-да MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (KAZGUU) базасында «Құқық» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің Оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) отырысы өтті.

2023 жылғы 16 маусымда сағат 16.30-да MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (KAZGUU) базасында «Құқық» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің Оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібі мазмұнды және ОӘБ мүшелерінің талқылауы мен ұсыныстарын енгізу мәселелеріне толы болды:

1. Кәсіптік стандарт

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының Педагогы (профессорлық-оқытушылық құрамы)»

2. Заң ғылыми мектептерінің сабақтастығы және дамуы

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асырудағы цифрлық технологиялар

4. «Құқықтану», «Халықаралық құқық» пәндік олимпиадасының нәтижелері туралы

5. Жобаларды басқару тобы – Жаңартылған мазмұны бар оқулықтар

«Жалпы криминология» оқулығы

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (КАЗГЮУ) Қылмыстық сот төрелігі департаментінің Assistant professor-ы Жұмағали А.Қ.

Отырыс барысында сындарлы диалог ұйымдастырылып, ОӘБ-дан «Құқық» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.

Толығырақ

САРАПШЫЛАРДЫҢ ТІЗІЛІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия әңгімелесу қорытындысын шығарып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу бойынша сарапшылардың тізіліміне (бұдан әрі – Сарапшылардың тізілімі) енгізуге ұсынылатын кандидаттардың тізімін бекітті.

Сарапшылардың тізіліміне енгізу үшін ұсынылған кандидаттардың толық тізімі М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ресми сайтында жарияланған: https://academy.kazguu.kz/ru/antikorruptsionnaya-ekspertiza/

Әңгімелесуді өткізу күні: 10 наурыз 2022 жылы.

Тізілімге енгізілген сарапшылардың тізімі

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАНЫ ЖҮРГІЗУ ҚҰНЫН АЙҚЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

Осы үзінді көшірме Үйлестіруші сараптаманың күрделілігіне қарай айқындайтын және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) келісілген (09.03.2022 жылғы шығ. № 2-2-8/4851) нормативтік құқықтық актінің нақты жобасына (бұдан әрі – НҚА жобасы) сараптама жүргізу үшін сарапшының көрсеткен қызметіне ақы төлеу құнын айқындау процесін регламенттейді.
НҚА жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми бір сараптама жүргізу бойынша сарапшы қызметінің құнын есептеу формуласы: НҚА = БП + (⅀ (N x Kn).

Алынған сомаға 1,12 коэффициенті қолданылады – ҚҚС сомасы.

НҚА жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының құнын есептеу кезінде мыналар қолданылады:
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының құнын есептеу кезінде мыналар қолданылады:
1. БК – нормативтік құқықтық акт жобасының түрі ескеріле отырып, оның ішінде ұсыныстарсыз, дайындалған бір сараптама үшін сараптаманы дайындауға қатысқан барлық сарапшыларға бірдей бөлінетін базалық көрсеткіш.
НҚА жобасы «Ұсыныстарсыз» өткен жағдайда, сарапшыға НҚА түріне қарай базалық көрсеткішке (БК) тең сома төленеді. НҚА сараптамасына бірнеше сарапшы қатысқан кезде төленетін БК сомасы олардың арасында бірдей үлестерге бөлінеді.

2. Kn – НҚА түрі ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ақшалай нысандағы көрсеткіші.
БК, сондай-ақ НҚА түрлері бойынша Kn мынадай сомаларды құрайды:

НҚА жобасының түрі БК құны (тг.) Kn құны (тг.)
ҚРЗ жобасы 22 500 23 511
ОМО НҚА 15 000 17 633
ЖАО НҚА 7 500 14 694

3. N – ұсыныстар саны.
⅀ (N x Kn) – сарапшылардың ұсыныстарымен байланысты көрсеткіштер.
Сарапшы НҚА жобасына қатысты ұсыныс енгізген жағдайда, оған мынадай сома төленеді: БК (НҚА түріне қарай) + Kn (НҚА түріне қарай).
Үйлестіруші сарапшының қандай да бір жоба бойынша сараптама жүргізу кезінде ұсыныстың қасақана қайталағанын анықтаған кезде, бұл ұсыныс бір ұсыныс ретінде ескеріледі.
Бір НҚА жобасына бірлесіп сараптама жүргізген кезде бірнеше сарапшы бірдей ұсыныс енгізген кезде, бұл ұсыныс бір ұсыныс ретінде ескеріледі және Kn төленетін сома (НҚА түріне қарай) олардың арасында бірдей үлестерге бөлінеді.
НҚА жобасына қайталама сараптаманың ақысы төленуге жатпайды.

Бұл көрсеткішті есептеу кезінде нормативтік актінің әзірлеушісі ескермеген жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғуы мүмкін әлеуетті салдарды сипаттайтын ұсыныстар ескеріледі.
Сарапшының ұсынысына, оның уәжділігіне, толықтығына, ғылыми негізділігіне, объективтілігіне қатысты Үйлестірушінің ерекше пікірі болған жағдайда, бұл ұсыныс сараптаманың құнын есептеу кезінде ескерілмейді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың әңгімелесуден өту кестесі

Әңгімелесу мақсаты: кандидаттардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау.

Әңгімелесуді өткізу күні: 2022 жылғы 10 наурызда.

Әңгімелесуді өткізу тәсілі: бейнеконференцбайланыс (Zoom).

Хатшы Zoom-конференцияға шақыруларды (хабарламаларды) алдын ала кандидаттардың электрондық мекенжайларына және мобильді телефондарына ақпаратты жолдау арқылы жібереді және/немесе бұл жөнінде телефонмен хабарлайды.

Конкурстық іріктеу ашықтығын, айқындылығын қамтамасыз ету үшін әңгімелесу мен бейнетрансляцияның (үйлестірушінің қалауы бойынша) жазбасы жүргізіледі.

Тиісті ағымның әңгімелесуі басталғанға дейін 20 минут бұрын бейнеконференцияны ұйымдастырушы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды бейнеконференцияны күту залында жинайды, ал конкурстық комиссияның хатшысы кандидаттарды алдағы әңгімелесу рәсімін өткізу тәртібімен таныстырады.

Одан кейін бейнеконференцияны ұйымдастырушы осы кестеге 1-таблицада көрсетілген уақыт бойынша әрбір кандидатты конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жібереді.

Әңгімелесу процесінде кандидатқа бейінді сұрақтар қойылады, сондай-ақ ахуалдық тапсырма беріледі.

Кандидаттардың жауаптарын бағалау бес балдық шкала бойынша жүргізіледі және кандидаттармен әңгімелесу парақтарына енгізіледі.

Ескертпе*
Әр кандидатпен әңгімелесуге бөлінген уақыт: кемінде 10 минут.

№ р/б Тегі, аты, әкесінің аты Әңгімелесу уақыты
I АҒЫМ
1. Амиргалиев Айдос Айтикенович 10.00
2. Алмабаев Наиль Сатбекович 10.10
3. Аспанбетов Даулет Абайханович 10.20
4. Аубакирова Индира Ураловна 10.30
5. Бабаджанян Естер Левоновна 10.40
6. Бухарбай Жәнібек Әділбекұлы 10.50
7. Галиева Жамиля Бахытовна 11.00
8. Жайынбаева Данара Муратовна 11.10
9. Жукенов Олжас Жиенбаевич 11.20
10. Жумагулов Ерлан Аскерович 11.30
20 МИНУТТЫҚ ҮЗІЛІС
II АҒЫМ
11. Журкаева Асемгуль Канатовна 11.50
12. Ижбулатов Дмитрий Борисович 12.00
13. Крушинский Максим Алексеевич 12.10
14. Мерсалимова Лаура Канатовна 12.20
15. Муканов Берик Бекинович 12.30
16. Оразбаева Алия Алкеновна 12.40
17. Сагдат Саида Сагдаткызы 12.50
18. Сарсенбаева Жанар Сахаббадиновна 13.00
19. Смагулова Макпал Ардаковна 13.10
20. Хашиева Танзила Магамедовна 13.20

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТЕСТІЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 12.08.2020 жылғы № 255 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеу қағидаларының 27-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың тестілеу қорытындысын жариялаймыз.

Тестілеуден өткен кандидаттардың толық тізімі М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ресми сайтында жарияланған:
https://academy.kazguu.kz/ru/antikorruptsionnaya-ekspertiza/

Тестілеу өткізу күні: 2022 жылғы 5 наурыз

 

Тестілеуден табысты өткен үміткерлер тізімі

Дөңгелек стол “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі қылмыстық саясаты: жаңа көзқарас және перспективалары”

Заң ғылымдарының докторы, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің профессоры, Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясатына және құқық қолдану практикасына елеулі үлес қосқан, Қазақстанның криминологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі Жекебаев Ұзыке Сиқынбайұлының туғанына 95 жыл толуына орай, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti 2022 жылғы 11 наурызда сағат 12:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) аралас форматта (offline және online) өтетін «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі қылмыстық саясаты: жаңа көзқарас пен перспективалар» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Online қатысу үшін сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/4953356094?pwd=TUlIOE1JbFYrdFBLdzlTM21SR2FFZz09

Конференция идентификаторы: 495 335 6094
Кіру коды: 111

Offline қатысу үшін мекенжай:

Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 8, M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің бас ғимараты, 5-қабат, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Конференц-холл.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы қылмыстық-құқықтық саясаты, құқық қорғау және сот жүйелерін дамытудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, қазіргі жағдайда қылмысқа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша мәселелер талқыланады.

Барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша Ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

Сокурова Эрмек Жээнбековна – з.ғ.к., Құқық жоғары мектебінің Қылмыстық сот төрелігі департаментінің Teaching Professor-ы;
e-mail: е_sokurova@kazguu.kz
Тел.: +7 (701) 960-99-97

Калишева Жаннетта Гайсовна – з.ғ.к., Құқық жоғары мектебінің Жария құқық департаментінің Professor Emeritus.
e-mail: zh_kalisheva@kazguu.kz
Тел.: +7 (701) 455-97-27

Қадырбеков Әлішер Даржанұлы – з.ғ.м., Құқық жоғары мектебінің Қылмыстық сот төрелігі департаментінің Teaching assistant-ы.
e-mail: a_kydyrbekov@kazguu.kz

ТЕСТІЛЕУГЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құжаттарды тапсырған қатысушыларды тестілеуден өтуге жіберу туралы шешім қабылдады.
Тестілеуге жіберілген кандидаттардың толық тізімі M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің интернет-сайтында жарияланды: https://academy.kazguu.kz/ru/antikorruptsionnaya-ekspertiza/

Тестілеуді өткізу күні: 2022 жылғы 5 наурыз.

Тестілеу уақыты: басталуы сағат 10.00-де 1(бір) сағат бойы (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен)

Тестілеу тілі: қазақ не орыс тілдерінде (кандидаттың қалауы бойынша).

Тестілеу 1 (бір) сағат бойы электрондық нысанда «UStudy» тестілеу орталығында жүргізіледі және 40 (қырық) сұрақтан тұрады.
Кандидаттар үшін тестілеуден өту мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды.

Электрондық тестілеуден өту үшін жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Кандидаттарды тіркеу – сағат 9.30-дан бастап сағат 9.50-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

Тестілеу пункттерінің мекенжайлары:

• Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52;
• Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 71/22;
• Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Быковский көшесі, 30/5 («Отырар» колледжі);
• Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118 (Француз мәдени орталығы, 2-қабат);
• Өскемен қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 86/2 (КАСУ);
• Қарағанды қаласы, Қазақстан көшесі, 15А;
• Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 24
• Петропавл қаласы, Конституции Казахстана көшесі, 60.

 

Тестілеу кезеңіне жіберілген кандидаттардың тізімі

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

«M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti» АҚ нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу бойынша Үйлестіруші болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес Үйлестіруші конкурстық негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды тартады.

Осыған орай, 2022 жылғы 22 ақпаннан бастап сарапшылардың тізіміне енгізу үшін сарапшыларға кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс жарияланады.

Кандидаттарды конкурстық іріктеуді Конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) жоғары білімнің болуы;
2) сарапшы ретінде әрекет етуді болжайтын қызмет саласында кемінде 5 жыл не сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;
4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жыл әкімшілік жазаның болмауы;
5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауы;
6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауы.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттар қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

1) дербес деректерді өңдеумен келісімді растап және сарапшы ретінде қатысатын заңнама саласын, сондай-ақ телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, үйлестірушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына еркін нысанда жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариаттық куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылуын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (нотариаттық куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін);
5) болған жағдайда ғылыми дәрежені растайтын құжаттың көшірмесін (нотариаттық куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін).
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, сондай-ақ құжаттарды белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатысуға жіберуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Конкурстық іріктеуге қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін орнату үшін Egov.kz электрондық үкімет порталынан қосымша құжаттарды ұсыну қажет:

1) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (соңғы 3 жылдың ішінде).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 2022 жылғы 22 ақпан сағат 10.00-ден бастап 2022 жылғы 28 ақпан сағат 24.00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау нәтижелері және конкурс кезеңдерін әрі қарай өткізу мерзімдері туралы кандидаттарға электрондық пошта бойынша хабарланады және Үйлестірушінің ресми сайтында жарияланады: https://academy.kazguu.kz/kz/antikorruptsionnaya-ekspertiza

Құжаттарды қабылдау орындары

№ р/б Мекенжайы Байланыс телефоны Электрондық пошта
1. Нұр-Сұлтан қ., 010000

Қорғалжын тас жолы, 8, 218- кабинет (2-қабат)

8 (7172) 70 30 42 konkurs_antikor@kazguu.kz
2. Алматы қ., 050000, Көктем-1 26А

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 31,

+ 7 700 202 93 86

konkurs_antikor@kazguu.kz
3. Ақтау қ., 130000, 15-ші шағын ауданы, 31 (IT мектеп-лицей, сол қанат жақтан кіру)

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 12

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
4. Ақтөбе қ., 030000, Алматы ауданы, Арынов көшесі, 1

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 04

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
5. Атырау қ., 060000, Баймұханов көшесі, 45а, АИНГ

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 06

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
6. Қарағанды қ., 100000, Қазақстан көшесі,15А

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 09

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
7. Көкшетау қ., 020000, Ақан сері көшесі, 24

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 03

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
8. Қостанай қ., 110007, Тәуелсіздік көшесі,118, Француз мәдени орталығы, 2-ші қабат

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 10

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
9. Қызылорда қ., 120000, Тәжібаев көшесі, 18а, 5-ші аудитория +7 700 202 93 11

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
10. Өскемен қ., 070000, Н. Назарбаев көшесі, 86/2 (КАСУ)

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 16

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
11. Орал қ., 090000, Абай даңғылы, 103 («Аквариум» СҮ)

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 07

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
12. Тараз қ., 080000, Тәуке хан көшесі, 24,

(ӨТО «U-Study)

+ 700 202 93 08

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
13. Талдықорған қ., 040000, Солтүстік батыс тұрғын үй ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 180 (№ 25 мектеп),

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 05

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
14. Түркістан қ., 161200, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14Б (Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті)

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 13

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
15. Павлодар қ., 140000, М.Горький көшесі,120/2 (Ғылыми кітапхана)

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 14

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
16. Петропавл қ., 150000, Қазақстан Конституциясы көшесі, 60

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 15

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
17. Шымкент қ., 160000, Әл-Фараби ауданы, Быковский көшесі, 30/5 («Отырар» колледжі) (ӨТО «U-Study) + 7 700 202 93 17

 

konkurs_antikor@kazguu.kz

“Құқық және мемлекет” журналының жаңа нөмірі жарыққа шықты, № 3 (84) 2019

Мазмұны: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Мухаметов А.Ф. (Нұр-Сұлтан) Борьба с коррупцией: восприятие, рейтинг, опыт. Успех или поражение? С. 4.

Sayapin S. (Almaty) «Critical Analysis, Strict Discipline and Personal Responsibility»: Some Reflections on Strengthening the Independence of Judiciary in Central Asia. С. 18.

Бейсенбин К.А. (Смоленск) Коррупция в системе государственного управления: проблемы противодействия, исторический и зарубежный опыт. С. 28.

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Понкин И.В. (Россия, Москва) Концепт глубинного государства («Deep State»). С. 43.

АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

Makhmejanov G.N., Amantaikyzy A., Zhumasheva M. (Nur-Sultan) Healthcare Regulation in

Kazakhstan: Challenges to Indicative Planning. С. 61.

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Уваров В.Н., Уварова-Патенко Н.В. (Алматы) Модернизация управления в правоохранительной системе Республики Казахстан. С. 76.

ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЯСИ ЖҮЙЕЛЕРІ

Черкасов А.И. (Россия, Москва) Универсализация местного самоуправления в странах современного мира: основные тенденции. С. 87.

Каудыров Т.Е., Шакенов М.А. (Нур-Султан) К вопросу о наличии прецедентного права во французском правосудии. С. 99.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Биебаева А.Ə. (Нұр-Сұлтан), Калгужинова А.М. (Қарағанды) Қылмыстық жауаптылықтан босатудың мəні, оның қылмыстық құқықтың сабақтас институттарымен ара қатынасы. С. 117.

ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚ

Ким К.В. (Нур-Султан) Подозрение в досудебном уголовном судопроизводстве. С. 131.

МАЗМҰНЫ / CONTENTS С. 146.

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ 147-бет

Журналдың сайты: http://km.kazguu.kz/magazine/3-84-2019

Университеттің кітапханасында магистранттар мен PhD докторанттарына арналған «Құқық және мемлекет» журналының презентациясы өтті

Үстіміздегі жылдың 24 қазанында «Құқық және мемлекет» журналының бас редакторы, з.ғ.д., профессор С. Ф. Ударцев М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің кітапханасында магистранттар мен PhD докторанттарына арнап, журналдың соңғы сандарын таныстырды. Бұл іс-шара М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі кітапханасының ұсынысы бойынша ұйымдастырылды.

Презентация барысында соңғы жылдың ішінде журналда жарық көрген мақалалар және олардың авторлары туралы әңгіме жүргізілді. Магистранттар мен докторанттарға авторлар ретінде журналға белсендірек қатысуға ұсыныс жасалды. Сондай-ақ іс-шарада ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., профессор В.А. Малиновский сөз сөйледі.

Сонымен бірге, профессор С.Ф. Ударцев жиналған қауымды өзінің соңғы оқу жылында жарық көрген немесе бірлескен автор ретінде дайындаған кітаптарымен таныстырды:

1. ХХ – ХХI ғасырдың басындағы Қазақстанның көрнекті заңгер-ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. Үш бөлімде. 1–3-б. (бөлек кітаптармен)/Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. КАЗГЮУ Университеті/з.ғ.д., профессор С.Ф. Ударцевтің жалпы редакциясымен. Астана: «Дәме» типографиясы; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017.

1-1. 1-бөлім. А – Д / Авторлары: Ударцев С.Ф., Тлепина Ш.В., Ким К.В., Алимжан К.; Зинченко В.В., Даутбаева-Мухтарова А.Е., және басқалар. Алғысөзі: КАЗГЮУ Университетінің ректоры Т.М. Нәрікбаев, кіріспе мақала: С.Ф. Ударцев. Көрсеткіштер: Тлепина Ш.В.,Ударцев С.Ф. Астана: «Дәме» ЖШС-і; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017. – 328 б.; 16 п. илл. (Қазақстанның заңгер-ғалымдарының фотогалереясы).

1-2. 2-бөлім. Е – Н / Авторлары: Ударцев С.Ф., Тлепина Ш.В., Ким К.В., Алимжан К.; Зинченко В.В., Даутбаева-Мухтарова А.Е., және басқалар. Көрсеткіштер: Тлепина Ш.В., Ударцев С.Ф. Астана: «Дәме» ЖШС-і; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017. – 350 б.; 19 п. илл. (Қазақстанның заңгер-ғалымдарының фотогалереясы).

1-3. 3-бөлім. О – Я / Авторлары: Ударцев С.Ф., Тлепина Ш.В., Ким К.В., Алимжан К.; Сырых В.М.; Зинченко В.В., Даутбаева-Мухтарова А.Е., және басқалар. Көрсеткіштер: Тлепина Ш.В., Ударцев С.Ф. Астана: «Дәме» ЖШС-і; «КазГЮУ Consulting» ЖШС-і, 2017. – 302 б.; 17 п. илл. (Қазақстанның заңгер-ғалымдарының фотогалереясы).

2. С.Ф. Ударцев. Қазақстан: 2017 жылғы конституциялық реформа. («Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI ЗРК Заңына түсіндірме) / «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институты. Астана: Фолиант, 2018. – 192 б.

3-1. Конституция Республики Казахстан. Научно-практический комментарий / Фонд Первого Президента Республики Казахстан — Елбасы; Конституционный Совет Республики Казахстан; Министерство юстиции

Республики Казахстан / Редколлегиясы: И.И. Рогов (жетекші), К.А. Мами, М.Б. Бекетаев, В.А. Малиновский, С.Н. Сабикенов, У. Шапак, Б.М. Нурмуханов, Е.М. Абайдельдинов. Астана – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС-і, 2018. – 640 б.

3-2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме / Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті — Елбасының Қоры; Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі / Редакциялық алқа: И.И. Рогов (жетекшісі), К.Ә. Мами, М.Б. Бекетаев, В.А. Малиновский, С.Н. Сәбікенов, У. Шапак, Б.М. Нұрмұханов, Е.М. Абайділдинов. Астана – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС-і, 2018. – 664 б.

4. Қазақстандық бірегейлікті нығайту мен дамытудың тарихи, құқықтық және саяси аспектілері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының активі үшін ғылыми-аналитикалық жинақ. Астана: «Мастер ПО» ЖШС-і, 2017. – 92 б.

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме (Астана, 2018. — 664 б.)

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме / Қазақстан Республикасы Тұңгыш Президенті — Елбасынын Қоры Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасыныи Әділет министрлігі / Редакциялық алқа: И.И. Рогов (жетекшісі), К.Ә. Мами, М.Б. Бекетаев, В.А. Малиновский, С.Н. Сәбікенов, У. Шапак, Б.М. Нұрмұханов, Е.М. Абайділдинов. Астана, 2018. — 664 б.

ISBN 978-601-06-4945-3

«Қазакстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалык түсіндірме» монографиясын шығару кажеттігі елімізде 2015 жылы бастапған ірі өзгерістерге, атап айтқанда, 2017 жылғы конституциялык реформаға сәйкес мемлекеттік билік тармактары арасында өкілеттіктерді кайта белуге, жаңа зандар кабылдануына жэне «Мемлекет басшысы Нурсултан Назарбаевтың бес институционалдык реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 накты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша колданыстағы күкыктык актілерге түзетулер енгізілуіне, өзге де түрлендірулерге байланысты туындады.

Монографияны Қазакстан Республикасы Түцгыш Президенті – Елбасы Қорының, Президент Әкімшілігінің, Парламент Палаталарының, Конституциялык Кеңестің, Жоғарғы Соттың, өзге де орталык жэне жергілікті мемлекеттік органдардың кызметкерлерінен, сондай-ақ конституциялык кұндылыктарды іске асырумен тікелей айналысып жүрген отандык жэне шетелдік ірі заңгер-ғалымдардан, тәжірибелі практиктерден күралған авторлык ұжым дайындады.

Түсіндірмеде жана заңнама мен заманауи заң теориясы ескеріле отырып, Конституция кұндылыктарының, ережелері мен нормаларының ғылыми-кұкыктык мазмұны ашылған.

Кітап конституционализм, колданыстагы заңнама және оларды колдану практикасы мэселелерімен қызығатын кең окырман кауымына арналған

2018 жылдың 8-9 қазанында Стамбул қаласында Орталық Азияның жоғары оқу орындары үшін Эразмус+ бағдарламасының семинары өткен

2018 жылдың 8-9 қазанында Стамбул қаласында (Түркия) Орталық Азияның жоғары оқу орындарына арналған Эразмус+ бағдарламасының «Erasmus+ Contact Seminar with Central Asia» семинары өткен, аталған шара Эразмус+ бағдарламасының «Жоғары білімнің әлеуетін арттыру жобалары» және «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» бөліктеріне бірлесіп қатысу және ынтымақтастық құру үшін бағдарламаға қатысатын елдердің (Еуропа) университеттері мен әріптес елдерінің (Орталық Азия) университеттері арасында байланыстарды орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға Еуропа мен Орталық Азияның, Ауғанстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының, Эразмус+ ұлттық агенттіктері мен кеңселерінің 274 өкілі атсалысты.

Қазақстандық делегацияның құрамында қырыққа жуық университеттің өкілдері болды. М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің өкілі болып Менеджмент және Туризм кафедрасының аға оқытушысы Р.А. Мұхамеджанова қатысты.

Семинардың алғашқы күні Білім, жастар, спорт және мәдениет жөніндегі Еуропалық комиссияның Бас директоратының өкілі Марлен Бартэ Эразмус+ бағдарламасының өткені мен 2017-2017 жылдар аралығында оны іске асыру нәтижелері туралы сөз қозғап, 2019 жылдан бастап енгізілетін жаңалықтармен таныстырды. Отыз жылдан бері жобалық өтінімдерді бағалайтын сыртқы сарапшы Сьюзан Саузэн оларды жетілдіру және сапасын арттыру жөніндегі негізгі аспектілерді жіктеді.

Екінші күні нетворкинг сессиялары мен семинарлар өткен. Мәселен, нетворкинг сессиялары екі кезеңмен өткізілген – бірінші раунд әріптес елдердің (Орталық Азия елдері, Ресей және Ауғанстан) жоғары оқу орындарына, ал екінші раунд – Эразмус+ бағдарламасының отыздан астам елінен еуропалық университеттерге арналып ұйымдастырылды. Мұндай бастама ЖОО-лардың арасында байланыстарды орнатуға жағдай жасады, себебі нетворкинг сессиялары кезінде әрбір университеттің өз материалдарын табыстауға және әлеуетті әріптестерді табуға мүмкіндігі болды.

Семинарлар болса, екі бағытқа бөлінді: бастапқы бағыты – «Халықаралық кредиттік ұтқырлықтағы алғашқы қадамдар», «Жоғары білімнің әлеуетін арттыру бойынша жобалардағы алғашқы қадамдар» және ілгері бағыты – «Тәжірибелі практиктерге арналған халықаралық кредиттік

ұтқырлық», «Тәжірибелі практиктерге арналған жоғары білімнің әлеуетін арттыру бойынша семинарлар». Аталған семинарлардың нәтижесінде қатысушылар ІСМ бойынша жобаларды даярлау мен жүзеге асыру және табысты жобаларды жазу бөлігінде баға жетпес тәжірибеге ие болды.

Семинар ұйымдастырушыларының айтуынша, осындай бірлескен семинарлар Эразмус+ бағдарламасының тиімділігін айтарлықтай арттырып, көптеген елдердің қатысуына жағдай жасайды және әріптес-елдер мен бағдарламаға қатысушы елдердің арасында тәжірибемен алмасу алаңы болып қызмет етеді.

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Гонконгтың білім нарығына кіруде


Жуырда M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не Қытай халық саяси консультативтік кеңесінің Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Лян Чжэн Ин басқарған бір топ делегация келді.
Қытайдың ең беделді саясаткері Лян Чжэн Ин 2012-2017 жылдар аралығында Гонконгтың әкімшілігін басқарған еді. Сонымен қатар, Lingnan University және City University of Hong Kong-та Кеңес Төрағасының лауазымын атқарды.
Сапар барысында делегация M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің құқық, халықаралық құқық, қаржы, экономика, менеджмент, аударма ісі және басқа да бағыттар саласындағы Ma-jor және Minor білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізудегі әдіс-тәсілдерімен танысты. Ал Университет студенттеріне қолжетімді кәсіптік сертификаттау бағдарламаларына делегация ерекше қызығушылық білдірді.

ГОНКОНГТЫҢ ЗАҢ ҚАУЫМЫ M.S. NARIKBAEV ATYNDAĢY KAZGUU UNIVERSITETI-НІҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАДЫ


2018 жылдың 4 шілдесінде Гонконгтың заң қауымдастығының (Law Society of Hong Kong) өкілдері, оның ішінде вице-президенті Амирали Насир, қауымдастықтың экс-президенті Майкл Линтерн-Смит, коммуникациялар және сыртқы істер жөніндегі ассистент-директоры Сильвия Тсуи M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не сапарлап келді.

Гонконгтың заң қауымдастығы 1907 жылы құрылды және бұл кәсіпқойлар бірлестігіне он бір мыңға жуық адвокат пен заң кеңесшілері және тоғыз жүзге тарта заң фирмалары енеді. Қауымдастық заңгерлерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және таратады және адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметіне мониторинг жүргізеді.

Аталған қауымдастық «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуын және орталық аясында өз қызметін жүзеге асыра алатын жаңа буындағы заңгерлерді даярлау процесін мұқият байқауда. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Гонконгтағы бас консулы Төлеген Исмаиловтың қолдауымен Қауымдастық делегациясының KAZGUU Unıversıteti-не сапары ұйымдастырылды.

Сапар барысында делегация KAZGUU Unıversıteti-нің қызметімен және бастамаларымен танысты. Атап айтқанда, қауымдастық KAZGUU Unıversıteti-нің ағылшын құқығы саласындағы Minor білім беру бағдарламасын дамытудағы және Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің KZJSISP/QCBS-06 жобасы төңірегінде сот сараптамасының жүйесін реформалаудағы қызметін қолдады. Оған қоса, қауымдастық KAZGUU Unıversıteti-нің жүргізіп жатқан «AIFC Court: Jurisdiction, Applicable Law and Conflict of Laws» деген зерттеуіне өз қызығушылығын білдірді. Сондай-ақ қауымдастық KAZGUU Unıversıteti-нің заңгерлерді сертификаттаудың ұлттық жүйесін (NLCP) құру жөніндегі бастамасына да қолдау білдірді.

Сапар қорытындысы бойынша қауымдастық пен KAZGUU Unıversıteti-нің өкілдері Қауымдастық мүшелерінің арасында және Қазақстанда KAZGUU Unıversıteti бастамаларын ілгерілету жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.

КАЗГЮУ Университетінің профессоры БҰҰ сарапшысы ретінде баяндама жасады


2018 жылдың 13-15 маусым аралығында Қылмыстық сот төрелігі және ғылыми сараптама мәселелері бойынша ҒЗЖ басшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор М. Қоғамов
UNODC (БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстық жөніндегі басқармасы) Астана қаласындағы Бағдарламалық кеңсесінің басшысы, АИТВ жөніндегі өңірлік кеңесші Сигне Ротбергпен бірге Душанбе қаласында өткен дөңгелек үстелдің отырысына қатысып, Тәжікстанда есірткіге тәуелді адамдарды емдеу, оның ішінде метадонды пайдаланып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан есірткіге тәуелді адамдарды емдеу тәжірибесін талқылауға атсалысты. Бұдан басқа, дөңгелек үстелде Тәжікстанның үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік органдарының делегациясы Украинаның Полтава облысына барған кезде, есірткіге тәуелді адамдарды жүйелі әрі кешенді емдеу бойынша оң тәжірибесімен танысқандары ортаға салынды.

Профессор М. Қоғамов бұл шараға БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің сарапшысы ретінде қатысты. Ол Тәжікстанның есірткіге тәуелді адамдарды анықтау және оларды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу бөлігіндегі қолданыстағы құқығын зерттеу нәтижелері жайында баяндап, заңнаманы және осы мәселе бойынша оны қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын берді.

Жалғас Рамазанұлы Темірбеков философия докторы (PhD) атанды













2018 жылдың 23 ақпанында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti жанындағы Диссертациялық кеңесте (төрағасы – з.ғ.д., профессор Қ.Қ. Сейтенов) Ж.Р. Темірбеков «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторының (PhD) дәрежесіне ие болу үшін «Құқықтық мемлекеттің, құқық үстемдігінің тұжырымдамасы және белді мемлекетті қалыптастыру мәселелері: шетелдік және қазақстандық тәжірибе» атты тақырыпқа жазылған өзінің диссертациясын қорғады.
Ғылыми жетекшісі:
Сергей Федорович Ударцев – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандығы «12.00.01 – Құқық және мемлекет теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси білім тарихы»). Астана қ., Қазақстан Республикасы.

Профессор С.Ф. Ударцев ҚР Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің бірінші отырысында баяндама жасады


11 мамырда ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшелері ҚР Конституциялық Кеңесінің жанында жуырда құрылған Ғылыми-консультативтік кеңестің (ҒКК) бірінші отырысына қатысты. Конституциялық Кеңестің ұсынысы бойынша ҒКК мүшесі, профессор С.Ф. Ударцев (КАЗГЮУ Университеті) «Құқық үстемдігі, заманауи құқықтың түсінік мәселелері және Конституцияны қорғау» атты тақырыпқа баяндама жасады. ҚР Конституциялық Кеңесінің ҒКК алғашқы отырысында құқық үстемдігі мен құқықтық түсініктің іргелі проблемаларын атап өту конституциялық бақылау органы жанында құрылған консультативтік кеңесте конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің теориялық және қолданбалы проблемаларды талқылауға түрткі болады.

Халықаралық ғылыми конференция

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында КАЗГЮУ Университетінде «ХХІ ғасырда мықты құқықтық мемлекетті қалыптастыру: отандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, бұл конференцияны КАЗГЮУ Университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ ұйымдастырды.                

Конференцияның басында өзінің кіріспе сөзімен КАЗГЮУ Университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор С.Ф. Ударцев және «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – С.Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының директоры, PhD докторы М.М. Дауленов сөз алды.

Шара барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Оның ішінде, КАЗГЮУ Университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы меңгерушісінің м.а., з.ғ.к. Ж.Г. Калишеваны және Азаматтық және азаматтық-процестік құқық кафедрасының аға оқытушысы,  PhD докторанты Э.Л. Бабаджанянды ерекше атап өту қажет.

Профессор Т.Е. Каудыровқа заңтану саласының білікті мамандарын дайындағаны үшін алғыс хат

“GRATA International” заң фирмасы профессор Т.Е. Каудыровқа заңтану саласының білікті мамандарын даярлау төңірегінде табысты ынтымақтастық үшін өз құрметі мен алғысын білдіреді.

Конституциялық реформаның қажеттілігі туралы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша 2017 жылғы 31 қаңтарда Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Сергей Федорович Ударцев КАЗГЮУ Университетінің студенттері мен оқытушыларына “Конституция және алдағы конституциялық реформа туралы” атты тақырыпқа дәріс оқыды.
Бұл дәріс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Конституцияға мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша бүкілхалықтық талқылауға  ұсынған және шығарған өзгерістерін түсіндіру және насихаттау аясында өткізілді.

М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханаға жаңа кітаптар әкелінді

КАЗГЮУ өкілі елде өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады

Профессор Қ.Қ. Сейтеновтың «Заң жобасы» телебағдарламасында «Сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасының негізгі ережелеріне қатысты түсініктеме беруі

Жуырда Мәжілістің мақұлдаған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасын қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатының депутаттары талқылауда. Осы жобаны әзірлеу мақсаты сот-сараптама қызметін халықаралық аккредиттеу стандарттарының деңгейіне дейін жетілдіру қажеттілігі болды.

Сарапшылардың айтуынша, заң жобасын қабылдау сот сараптамасы органдарының кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің нығаюына; сот сарапшыларының ғылыми әлеуетін қалыптастыру үшін жағдайдың жасалынуына; мемлекеттік емес (жекеше) сот сараптамасы институтының әрі қарай дамуын ынталандыруға; азаматтардың және сот төрелігі процесіне қатысатын ұйымдардың құқықтық қорғалу деңгейін, сот сарапшысы лауазымының беделін және оның әлеуметтік қорғалуы дәрежесін арттыруға әкеп соғады.  

Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін тиісті құқықтық сүйемелдеу қажет, ол, өз кезегінде, сот сараптамасы органдарының қызметін реттейтін құқықтық нормаларды сәйкестікке келтіруді талап етеді.

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Сот сараптамасы институтының директоры, з.ғ.д., профессор Қ.Қ. Сейтенов «Хабар 24» телеарнасына сұхбат берген кезде талқыланып жатқан заң жобасының жаңа нормасын – Сот сарапшыларының палатасын ерекше атап өтті. Сот сарапшыларының палатасы өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қызметін үйлестіру және олардың сот-сараптама қызметі туралы заңнаманы сақтауы үшін құрылатын коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.  

Қазақстанда сот сараптамасының мемлекеттік емес (жекеше) институтын дамыту бойынша алдағы жұмыс Дүниежүзілік Банк пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» атты бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында біртіндеп іске асырылмақ. Жобаның кеңесшілері – КАЗГЮУ Университеті, сот сараптамасы саласындағы танымал компания Key Forensic Services Ltd (KFS), Ұлыбританияның ең ірі зерттеу университеті – Лондонның Корольдік колледжі (KCL), сондай-ақ QPA Strategies Ltd. (London) және Astana Garant Consulting (Астана қ.) консалтингтік компаниялары секілді ұйымдардан құралған консорциум.

Профессор Қ.Қ. Сейтенов жобаның ең басты бөліктерінің бірін басқара отырып, басқа заңгер-сарапшылармен бірге сот сараптамасы органдары қызметінің дүниежүзілік заң шығару және институционалдық тәжірибесін зерттеу бойынша жұмысты жүзеге асыруда. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ең үздік дүниежүзілік тәжірибені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және сот сараптамасы органдарының жүйесіне енгізу жоспарланады.

«Хабар 24» арнасындағы бағдарламамен мына сілтеме бойынша таныса аласыз:

http://24.kz/ru/tv-projects/proekt-zakona/item/158690-meditsinskaya-ekspertiza 

З.ғ.д., профессор С.Ф. Ударцевтің түсіндірмесі өкілеттіктерді қайта тарату туралы

Сарапшы өкілеттіктерді қайта тарату туралы: қандай да бір түбегейлі өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді қайта тарату жайында өз пікірін «BNews.kz» порталына КАЗГЮУ Университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Сергей Федорович Ударцев білдірді.

Түсіндірмені оқу үшін сілтеме.

КАЗГЮУ-да ІІ халықаралық жастар заң форумы аяқталды

Тәуелсіз ел – мәңгілік ел

М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхана және қазақ, орыс тілдері кафедрасы бірлесіп Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» атты көркем сөз оқу байқауын ұйымдастырды. Поэзияны жүрегімен сезінген жыршыл жастар көрермендерді өнерлерімен сусындатты. Байқау жеңімпаздары грамота және алғыс хаттармен марапатталды. 

Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасын құру жөніндегі мәселе қаралуда

Бұл жөнінде бүгін Қазақстандағы сот сараптамасын жетілдіру бойынша жұмысқа арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев хабарлады.

Конференцияға қатысушылар елімізде сот-сараптамалық қызметтің бәсекелі нарығын құру бойынша шараларды, сондай-ақ сот-сараптамалық қызметті біртіндеп монополиясыздандыру үлгісін енгізу мәселелерін талқылады.

Әділет министрі отандық құқықтық жүйесінің дамуы әр түрлі институттардың, оның ішінде сот сараптамасының қызметін жетілдіруді талап ететіндігін белгіледі. Жуырда Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасын құру мәселесін қарау, сондай-ақ сот саласының практикалық мәселелерін зерделеу жоспарланады.

Қазақстанда сот сараптамасының институтын жетілдіру бойынша алдағы жұмыс біртіндеп жүзеге асырылмақ. Бұл жұмыс «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында іске асырылады, оның әріптестері Дүниежүзілік банктің қолдауымен ҚР Әділет министрлігі және КАЗГЮУ Университеті болып шығады. 2018 жылға дейін іске асырылатын жобаға білім беру және құқықтық саланың халықаралық сарапшылары тартылған – Key Forensic Services Ltd (KFS) Сот сараптамасы саласындағы жетекші компания, Лондонның корольдік колледжі (KCL) – ең ірі мемлекеттік зерттеу университеті, сондай-ақ QPA strategies Ltd. (QPA) және Astana Garant Consulting (AGC).

ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда сот-сараптамалық қызмет саласындағы барлық қызметтер бірыңғай мекемеде ұсынылады.

«2016 жылы барлық сараптамалық функцияларды бір сараптамалық органда – Әділет министрлігінде орталықтандыру рәсімі аяқталды. Қазір бұл жерде 55 сараптамалық мамандықтар бойынша сот сараптамаларының 29 түрі іске асырылады. Осы уақытта сот-сараптамалық қызметті халықаралық аккредиттеу стандарттарының деңгейіне дейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Бұл отандық сот сарапшыларының қорытындыларын шетел соттарында тану үшін қажет», – деп белгіледі Министрлік өкілі өзінің баяндамасында.  

Қазіргі таңда Қазақстанда жүзден астам жеке сот сарапшылары қызмет етуде, олар өз қызметін мемлекеттік органдардың сот-сараптамалық қызметінің баламалы бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия негізінде іске асырады.

Салалық министрлікте мемлекеттік сараптама жүйесін дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, сот сарапшыларының институты бәсекелі ортаны құруға арналғандығына сенімді.

«Сот-сараптамалық қызметтің мемлекеттік емес жүйесінің институтын сот сарапшыларының палатасын құру арқылы дамыту қазіргі кезде Парламентте қаралып жатқан «Сот-сараптамалық қызмет туралы» заң жобасымен қарастырылған», – деп хабарлады Ж. Ешмағамбетов.  

Өз кезегінде М. Бекетаев шетел сарапшыларының сот-сараптамалық қызметіне жүргізілген талдауы жобаның бір әріптесі – КАЗГЮУ Университетінде, еліміздің ең ірі жетекші оқу орнында жаңа оқу бағдарламасы үшін негіз болатындығын белгіледі.  

Осыған дейін хабарланғандай, бірлескен жобаны жүзеге асыру барысында зерттеулер үш бағыт бойынша жүргізілмек: «Сот-сараптамалық қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу және сынау», «Сот сараптамасының заң шығару және институционалдық базасын жетілдіру» және «Сараптама кадрларының біліктілігін арттыру».

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайтуда халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың рөлі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел

2016 жылдың 3 желтоқсан күні Халықаралық құқық орталығы КАЗГЮУ Университетінің Халықаралық құқық кафедрасымен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Заң шығару институтымен бірге «Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайтуда халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың рөлі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді.  

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасында халықаралық құқықты дамыту беталыстары және халықаралық сахнада Қазақстанның беделін нығайтуда халықаралық ұйымдардың рөлі талқыға салынды.

Қазақстан Республикасында халықаралық құқық дамуының өзекті мәселелерін талықлау нәтижелері бойынша дөңгелек үстелдің баяндамалары жинағында жарияланатын ұсыныстар қабылданды.  

«Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

«Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы.

Байқаудың өту уақыты:

7 желтоқсан 2016 жыл сағат 15.00

Байқау шарттары:

  • байқауға КАЗГЮУ Университетінде жұмыс істейтін және білім алатын барлық талапкерлер қатыса алады;
  • оқылатын көркемсөз тәуелсіздік тақырыбына байланысты болуы тиіс;
  • оқылатын мәтіннің көлемі 3-4 минуттан аспауы керек;
  • белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды;
  • байқауға 30 қарашаға дейін тіркелуі керек.

Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың:

  • өлеңді оқу шеберлігіне;
  • дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
  • өлеңді таңдау талғамына назар аударады.

Тіркелу орны: 412- ауд. қазақ және орыс тілдері кафедрасы немесе Кітапхана ресепшені.

Тел.: + 7 (7172 )70 28 29 (ішкі 1293) Кәмшәт

E-mail: kazrus2014@bk.ru

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханов мырза М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханамыздың қонағы болды

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханов мырза М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханамыздың қонағы болды. Жастардың болашағына жасалып жатқан игі істермен танысып, жылы лебізін білдірді. Өз үлесі ретінде авторлық қолтаңбасы қойылған кітабын кітапханамыздың қорына сыйға тартты.

«Bolashak Business Cases» кітабының тұсаукесері

24 қарашада М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханада  «Bolashak Business Cases» кітабының тұсаукересі өттті, бұл кітап – қазақстандық бизнес-кейстер жинағының алғашқы шығарылымы. Кітаптың тұсаукесерін “Болашақ” қауымдастығының корпоративтік университетінің үйлестірушісі – аға жобалық менеджері өткізді.

Қазақстан сот сараптамасы саласында дүниежүзілік тәжірибені енгізуде

Алғаш рет Қазақстанда КАЗГЮУ Университеті мен ҚР Әділет министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірге «Сот сараптамасын күшейту» атты бірегей жобасын жүзеге асыруда. 2018 жылға дейін іске асырылатын осы ауқымды жобаға Key Forensic Services Ltd (KFS)  сот сараптамасы саласындағы жетекші компания, Лондонның Корольдік колледжі (KCL) – ең ірі мемлекеттік зерттеу университеті, сондай-ақ QPA strategies Ltd. (QPA) және Astana Garant Consulting (AGC).

Жоба барысында бірлескен зерттеулер үш бағыт бойынша жүргізіледі. «Сот-сараптамалық қызметтің тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу және сынау» атты алатын бірінші кезең аясында халықаралық тәжірибе тұрғысынан Қазақстанда сот және медициналық сараптаманы өткізу тәжірибесін зерттеу жоспарланады. Одан басқа, тараптар сот-сараптамалық қызметтің тиімділік көрсеткіштерін және тиісті Пайдаланушы нұсқаулығын әзірлейді, сот-сараптамалық қызметтің мәселелеріне қатысты халықаралық конференцияларды ұйымдастырады.

«Сот сараптамасының заңнамалық және институционалдық базасын жетілдіру» атты екінші бағытының қорытындысы бойынша сарапшылар «Сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР заң жобасына өз ұсыныстарын енгізеді.

Сарапшы кадрларының біліктілігін арттыру»  деп аталатын үшінші бағыт бойынша жергілікті сарапшылардың шетелдегі оқу орындарында және сараптамалық мекемелерде біліктілігін арттыру бойынша тренингтер ұйымдастырылады.

Дипломдық жобаларды басқаруда Agile әдіснамасын енгізу жөніндегі семинар

2016 жылдың 13 қазанында КАЗГЮУ Университеті PricewaterhouseCoopers Қазақстан ұйымының қолдауымен білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері, құрылатын Scrum-командаларының ғылыми жетекшілері мен басқа да мүшелері үшін дипломдық жобаларды басқаруда  Agile әдіснамасын енгізу бойынша семинарды өткізді.

Семинардың басында  PwC Қазақстан консультациялық қызметтер жөніндегі директоры  Майкл Адамс Agile әдіснамасының жобаларды басқарудағы мазмұны мен маңызы жайлы баяндады. Оның айтуынша, Agile негізгі артықшылығы тәжірибедегі өзгерістерге дереу ден қою мүмкіндігі және нәтиженің жоғары сапасы болып табылады.

Сонымен бірге, Басқарма Төрағасының орынбасары – С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының директоры Мирас Дәуленов та дипломдық жобаларды басқаруда Agile әдіснамасын КАЗГЮУ Университетінде енгізу қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ дипломдық жобалардың тақырыптық тізбесін сапалы қалыптастыруға қатысты қолдану, жобаның техникалық тапсырмасын дайындау, жобаның сапа индикаторларын дұрыс анықтау, Scrum-командаларды құру және Scrum-талқылауды ұйымдастыру үшін талап етілетін негізгі шешімдер талқыланды.  

Өз кезегінде, Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен студенттердің аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зерттеу кейстерін дайындау әдістемесі жайлы айтып берді. Бұл ретте, Сергей Геннадьевич КАЗГЮУ Университеті түлегінің үлгісін қалыптастыру шарты ретінде студенттердің осындай дағдыларды иелену қажеттілігін белгіледі.  

Семинардың соңында оқытушылар сұрақтарын қойын, үлгі ретінде дипломдық жобаларды даярлау процесінде командалық жұмыстың қажеттілігін көрсетті.

М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханаға Астанадағы Америкалық Бұрыштың көшпелі сессиясына шақырамыз

2016 жылдың 27 – 29 қыркүйегінде сағат 12.00-ден бастап 14.00-ге дейін КАЗГЮУ Университетінің М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханасында Астана қаласындағы Америкалық Бұрыштың көшпелі сессиясы өтеді. КАЗГЮУ Университетінде Movable Space өткізу бағдарламасы орталық ресурстарымен және қызметтерімен таныстыруды, American Corner, Education USA жұмысы бойынша консультацияларды және Maker Space көрсетуді көздейді. Сондай-ақ келушілердің назарына халықаралық тест тапсырмаларына (IELTS, TOEFL, GRE, GMAT, SAT) дайындалу бойынша әдебиет көрмесі ұсынылады. Ал волонтер тобы Spelling Bee және Quiz секілді ойындар мен сайыстарды өткізеді.

Қазақстандағы кітапханалардың негізінде әрекет ететін Америкалық бұрыштар ағылшын тілін меңгеру бойынша жоғары сапалы материалдарға, сұхбаттасу клубтарына, АҚШ-тағы білім туралы ақпаратқа, деректер қорларына, кітаптары мен киноларына, ойындарға еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ робот жобалау негіздерімен таныстырады.  

М.С.Нәрікбаев атындағы кітапхана сіздерді 20 -21қыркүйек аралығында өтетін «Ақпарат күніне» шақырады

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар, университет оқытушылары және қызметкерлері!

М.С.Нәрікбаев атындағы кітапхана сіздерді 2016 жылдың 20 -21қыркүйек аралығында өтетін «Ақпарат күніне» шақырады.
Ақпарат күнінің бағдарламасына көрмемен танысу, жаңадан түскен әдебиеттерге шолу, ақпараттық-библиографиялық анықтама және
кеңестер ұсыну, пікірлер мен тілектер жинақтау енгізілді.

Көріп, білуге және оқуға асығыңыздар!
Өткізілу орны: оқу залы (№131)
Өткізу уақыты: 9.00 – 18.00

Сот сараптамасы тақырыбына арналған «Құқық және мемлекет» журналының бірінші саны жарық көрді

Сот сараптамасы тақырыбына арналған «Құқық және мемлекет» журналының бірінші саны жарық көрді №1(70) 2016. Толықтай оқу…

Ауысқан кезде:

Сот сараптамасы тақырыбына арналған «Құқық және мемлекет» журналының бірінші саны жарық көрді №1(70) 2016.

Нөмірдің мазмұны:

СОТ САРАПШЫЛАРЫН ДАЯРЛАУ

Сейтенов К. К. Международный форум по судебной экспертизе в КАЗГЮУ. С. 6.

Россинская Е. Р. Федеральные государственные образовательные стандарты 3-его поколения и подготовка судебно-экспертных кадров в России. С. 12.

Латышов И. В. Современные проблемы подготовки экспертов-баллистов в профильных вузах МВД России. С. 16.

Дронова О. Б. Подготовка сотрудника правоохранительных органов к расследованию преступлений на потребительском рынке. С. 20.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН ЗАҢГЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫНАН

Тлепина Ш. В. Из истории подготовки практических работников наркомата юстиции КазССР. С. 24.

Ким К. В. Ведущие ученые Казахстана в области криминалистики и судебной экспертизы. С. 28.

СОТ САРАПТАМАСЫ: ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА

Борчашвили И. Ш. Современное состояние и перспективы развития казахстанской судебно-экспертной деятельности. С.33 .

Бычкова С. Ф. развитие законодательных основ судебно-эспертной деятельности в Республике Казахстан С.39.

Исаев А. А. Роль научных исследований в судебной экспертизе и проблемы организации судебно-экспертной деятельности в Казахстане С. 42.

Усов А. И. Инновации и прогресс судебно-экспертной деятельности С. 48.

Аминев Ф. Г. Проблемы научно-методического обеспечения судебно-экспертной деятельности и пути их решения С. 53

Шагдарова Т. А., Курманбаев Б. М. Институт частных судебных экспертов в Республике Казахстан С.57.

ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН САЯСИ ЖҮЙЕЛЕРІ

Peter JUZA. The Slovak Republic’s view of energy security as А theoretical problem Р. 61.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Асылбекова А. А. Тараптардың арасында туындаған дауларды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеудің ерекшеліктері С. 65.

Даутбаева-Мухтарова А. Е. Гражданско-правовая ответственность при причинении вреда жизни и здоровью пациента С.69.

Конусова В. Т., Бекен А. Т. развитие института медиации в Казахстане в контексте зарубежного опыта С. 74.

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

Филипова И. А. Сравнительный анализ источников трудового права России, Казахстана и Франции С. 81.

ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ

Рождественская Т. Э., Гузнов А. Г. Правовое регулирование системы противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма, в кредитных организациях России С. 86.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Муканов О. Н. Виды экономических правонарушений, связанных с банкротством юридических лиц С. 91.

ҚЫЛМЫСТЫҚ –ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫ

Қаражанов М. Д., Қанатов А. Қ. Квазимемлекттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері С. 95.

ҚЫЛМЫСТЫҚ –АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ

Грушин Ф. В. Обязательные работы в Российской Федерации: факторы появления и некоторые проблемы С. 99.

РЕЦЕНЗИЯЛАР

Темирбеков Ж. Р. Книга, открывающая неизвестные стороны жизни известного академика С. 104.

ТОЛЫҒЫРАҚ  (http://km.kazguu.kz/magazine/170-2016 )

З.ғ.д., профессор Т. Е. Каудыров «Қазақстан Республикасындағы авторлық және аралас құқықты сақтау мен қорғау: қазіргі жай-күйі, мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық конференция жұмысына қатысты

2016 жылдың 7-8 шілдесінде Азаматтық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры Т.Е. Каудыров  Қазақстан Республикасындағы авторлық және аралас құқықты сақтау мен қорғау: қазіргі жай-күйі, мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық конференция жұмысына қатысы. Ол «Авторлардың, атқарушылар мен фонограммаларды өндірушілердің меншіктік құқығын ұжымдық басқару» І секциясының модераторы болды. Азаматтық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры Т.Е. Каудыровтың белсенді ғылыми-зерттеушілік қызметі ҚР Әділет министрі Б.Имашевтың Құрмт грамотасымен еленді.  

Сот сраптамасы саласындағы Литвалық сарапшылар Қазақстанға келіп кетті

Ағымдағы жылдың 23 мусымында Қазақстанға екі жақты ынтымақтастық аясында жұмыс сапарымен сот сараптамасы саласында қазақстандық әріптестерімен меморандумға қол қою үшін литвалық сарапшылар келіп кетті.

Қазақстан мен Литва халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты, оның ішінде сот сараптамасы саласында да  жандандыруды жалғастыруда. Сот сараптамасы саласындағы күш салуды нығайту мен өзара ықпалдасу заңгерлік қызметті және өткізілетін сараптамалар мен криминалистикалық зарттеулердің сапасын жетілдіруге бағытталған.  

Тараптардың сапары аясында Габриэле Юодкайте-Гранскиене басқарып отырған Литвалық сот сараптамасы Орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өзара бірлескен инновациялық жобалар мен жаңа технологияларды жүзеге асыруды көздейді, қылмыстарды ашуды арттыруға, криминалистика мен сот сараптамасы салаларында өзара тәжірибе мен білімдерін алмасуға бағытталған.

Қазақстандық тараптан Салық Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар ҒЗИ Директоры Мирас Дауленов, Қашықтан оқыту орталығының директоры Өмірбай Қыстаубай, Жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту және халықаралық байланыстар институтының директоры Рената Фаизова, Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен қатысты.  

«ЕуАзЭО/ЕАЭО-дағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» монографиясы

Құрметті оқырмандар!

М.С.Нәрікбаев атындағы кітапхана 15 маусымда сағат 11.00-де «ЕуАзЭО/ЕАЭО-дағы  экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» («Правовое регулирование экономических отношений в ЕврАзЭС/ЕАЭС») монографиясының тұсаукесеріне шақырады.

Жұмыс 2013-2015 жылдар аралығындағы ҚР БҒМ-мен қаржыландырылған іргелі зерттеулер аясында «ЕуАзЭО/ЕАЭО-дағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдірудің мәселелері мен болашағы» («Проблемы и перспективы совершенствования правового регулирования экономических отношений в ЕврАзЭС/ЕАЭС») тақырыбы бойынша орындалған.  

Авторлық ұжым:

Идрышева Сара Кимадиевна, Ресей Федерациясының з.ғ.д., «КАЗГЮУ Университеті» АҚ профессоры – жобаның жетекшісі, Астана қ.


Алибеков Сайлаубек Тынышбекович, Қазақстан Республикасы з.ғ.д., ҚазХҚХТ профессоры, тақырып жетекшісінің бірі, Алматы қ.


Михалева Татьяна Николаевна, Беларус Республикасы з.ғ.к., Еуразиялық экономикалық одақ Соты Хатшылығы бөлімінің сараптамалық-талдаушылық кеңесшісі, Минск қ.

Дауленов Мирас Мухтарович, Ph.D (Вроцлава Университеті), «КАЗГЮУ Университеті» АҚ,  Астана қ.

 

Өткізу орны: шетел әдебиеті залы

С.Зиманов атындағы академиясы ең үздік диплом/магистрлік жобаға байқау жариялайды

Біз С.Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының байқауына студенттер мен магистранттарды қатысуға шақырамыз.

Академия ең үздік диплом/магистрлік жобаға келесі бағыттарда байқау жариялайды:

  1. Құқықтану және құқық қорғау қызметі; 
  2. Халықаралық құқық; 
  3. Экономика;
  4. Қаржы; 
  5. Менеджмент және туризм; 
  6. Аударма ісі; 
  7. Психология. 

Одан өзге, арнайы ең үздік пәнаралық жоба номинациясы болатынын хабарлаймыз.

Байқау МАК мүшелерінің ұсыныстары бойынша, оларды Мектеп директорлары қолдаған/ немесе Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты директоры қолдаған және Академия директорының келісімі болған жағдайда ғана МАК ұсыныстарына негізделеді.  

Байқауға студенттер мен магистранттардың (күндізгі және сырттай оқу түрінің) жобалары қатыса алады.

Қалиолла Сейтенов Ресей Федерациясында «Сот сараптамасына қосқан үлесі үшін» марапатталды

Сот сараптамасы институтының директоры, профессор К.К.Сейтеновты Ресей Федерациясында алған «Сот сараптамасына қосқан үлесі үшін» кезекті марапатымен құттықтаймыз. Қалиолла Қабаевич сот сараптамасы саласында Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де беделді мамандардың бірі болып табылады. Сіздің тәжірибеңіз бен жетістіктеріңізді бағаламай қою мүмкін емес. Біз Сізге әлі де талай жеңістерге жетуіңізге, сіз басқарып отырған Институттың, жалпы ғылымдағы дамуында жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.

 

 

КАЗГЮУ студенттеріне арналған жобалар байқауы

С.Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясы мемлекеттік емес Penal Reform International ұйымымен бірлесіп, ЖООның 2 және 3-курс студенттеріне арналған жаңа жобалардың ресми басталғанын хабарлайды.  

Байқауға қатысу шетелдік профессорлардан оқу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, жобалық менеджментте практикалық машықтарды иеленуге, сонымен қатар Еуропаға білім алу грантын ұтып алу мүмкіндігін береді.

Үміткерлерге ұйымдастырушылар мекенжайына ағылшын немесе орыс тілдерінде (3бет) «Реформы и преобразования тюремной системы Казахстана» («Қазақстан түрме жүйесінің реформалары мен қайта жаңарулары») тақырыбына эссе жазып жіберулері керек, сонымен бірге төменде көрсетілген үлгіні 2016 жылдың 16 мамырына дейін толтырып жіберу керек:

Қатысушыларды тіркеу:

Файл для загрузки эссе

Нұртас Иманқұл. «Еврейлер туралы еврейлер тағылымы»

Нұртас Иманқұл. «Еврейлер туралы еврейлер тағылымы» Астана, 2016. – 424 бет.

Бұл кітапта ұлы еврей халқының қысқаша тарихы мен болмысы баяндалады. Еврейлер туралы ақиқатты зерделеу үрдісінде қасиетті «Құран Кәрім», «Тәурат», «Інжіл» және еврей оқымыстылары Исраэль Бен Шимон, С.М. Дубнов, М. Шапиро және т.б. еңбектеріндегі еврейлер туралы мәліметтер қарастырылады. Тұңғыш рет қазақ тілінде еврейлердің 613 өсиеті (мицвот), діни ұғымдары, дұғалары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері жарық көріп отыр.

Бұл кітапты қазақ тіліндегі еврейлер туралы шағын энциклопедия десе де болады.

Қазақтың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту мақсатында, ғылыми-теориялық, тарихи-компаративистік әдіснамаларға негізделіп дінтану, философия, тарих, мәдениеттану пәні мамандарына, магистрант, докторанттар және барша Ақиқатты сүюші көпшілік оқушы қауымға арналған.

Ақпараттық күндер

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, университет қызметкерлері!

Сіздерді М.С.Нәрікбаев атындағы кітапхана

2016 жылдың сәуір айының 11-15 аралығында өтетін

Ақпараттық күндерге шақырады.

Аталмыш іс-шара барысында, жаңа келіп түскен әдебиеттермен танысу мақсатында, шолу өткізіледі, қажетті ақпараттық-библиографиялық анықтамалар және кеңестер беріледі.

Көріп, танып, білуге ұмтылыңыздар!

Өткізілетін орны:  ғылыми әдебиет залы (№128),  уақыты:  9.00-18.00

Азаматтық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ

2016 жылдың 5 сәуірінде «КАЗЮУ Университеті» АҚ-да Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеулер институты «Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік меншік құқығын қолдану теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында патенттік құқық бойынша Республикалық семинар өткізді.

Семинарға: ҚР ӘМ «Интеллектуалдық меншік ұлттық институты» РҚК Тауар белгілері мен тауар өткізу орындары атауларының басқарма сараптамасының басшысы Абенова Асемгуль Бактыбаевна; ҚР ӘМ «Интеллектуалдық меншік ұлттық институты» РҚК, бас сарапшы, х.ғ.к. Батырбекова Алтынай Бакбергеновна; Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті қ.о., з.ғ.к., Баймолдина Светлана Маликовна; «Тува мемлекеттік университеті» ФМБББМ ЖКББ-ның Азаматтық құқық пен үдеріс кафедрасының меңгерушісінің доценті, з.ғ.к. А.Л.Монгуш; «Тува мемлекеттік университеті» ФМБББМ ЖКББ-ның Азаматтық құқық пен үдеріс кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. А.С.Монгуш; «Тува мемлекеттік университеті» ФМБББМ ЖКББ-ның Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының ассистенті А.С.Ховалыч және заңгерлік ЖООлардың ғалымдары, профессорлық-оқытушылық құрамы, практикалық жұмыскерлері, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты.

Назар аударыңыздар байқау!

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар, оқытушылар және университет қызметкерлері !  

“BestProfi” ақпараттық жүйесі М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханасымен бірлесе отырып «BestProfi бірге жетістерге жету жолында» атты байқауының басталғанын хабарлайды.

БАЙҚАУ шарттары:

  • М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханада байқауға қатысатыныңызды растау (үйлестіруші Балтабекова Бибигуль Кажековна, b_baltabekova@kazguu.kz . тел. 70-30-24  ішкі 1054)
  • www.bestprofi.com сайтында тіркеуден өту
  • Жазылу және «BestProfi» АЖ 3 құжатына репост жасау (https://www.facebook.com/kzbestprofi)
  • 5 құжатқа түсінік қалдыру (НҚА немесе НҚА жобаларына)
  • Осы шарттардың барлығын орындаған тұлғалар қатысушы болады.
  • «BestProfi» АЖ пайдалануға нұсқаулық http://bestprofi.kz/helper/help.html сайтында ұсынылған

БАЙҚАУ 02.03.2016ж. бастап 14.03.2016ж. аралығында өткізіледі.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ жариялау 18.03.2016ж. сағ 15.30-да кітапхананың электрондық ресурстар залында өтеді.

ЖҮЛДЕЛЕР:

I орын  – “BestProfi” АЖ 9 айға дербес қолжетімділік сертификаты.

ІІ орын – “BestProfi” АЖ 6 айға дербес қолжетімділік сертификаты.

ІІІ орын – “BestProfi” АЖ 3 айға дербес қолжетімділік сертификаты.

 

М.Ч.Қоғамов ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы болып тағайындалды


2016 жылдың 23 ақпанындаКАЗГЮУ Университеті Қылмыстық-процессуалдық зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ғылыми-зерттеу институтының директоры, з.ғ.д., профессор Марат Чекишевич Қоғамов ҚР ІІМ жанынан қайта құрылған Қоғамдық кеңес отырысында екінші рет қатарынан Төрағалыққа сайланды. КАЗГЮУ Университеті Кеңестің қоғамдық-бақылау қызметінде өнімді еңбек етуіне тілектестік білдіреді.

Библиографиялық қызмет on-line

Библиографиялық қызмет on-line –библиографиялық кеңес беру қызметі, тұтынушынын әртүрлі сұранысын  қанағаттандыру. Ақпаратты іздеу барысында дәстүрлі және электрондық ресурстар қолданылады. Өтініш электрондық почта арқылы қабылданады bibliograf-ibs@mail.ru, кітапхана дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс істейді.

Қызмет корсету:

⃰   Кітап қорында отандық және шет елдер басылымдарының бар немесе жоғы туралы тақырыптық сұранысты орындау.

⃰ Тақырыптық сұранысты орындау, библиографиялық қиын іздестіру барысында орындалады. Ақпарат алушыға ақпараттық дерек көзі мен библиографиялық тізім көрсетіледі.(10 библиографиялық жазуға дейін)

⃰  Фактографиялық сұранысты орындау. Фактографиялық мәлімет тақырыптық сұраныс бойынша ақпараттық дерек көзі көрсетіліп орындалады.

⃰  Библиографиялық тізім және ақпараттық ізденісті рәсімдеуге кеңес беріледі.

 

Сұранысты орындау мерзімі : 2 сағаттан 2 жүмыс күнге дейін.

Өз сұраныстарынызды түсінікті толық қоюларынызды өтінеміз.