2019 жылдың 27 ақпанында КАЗГЮУ Университетінде Астана қаласы Заң консультанттары палатасының мәжілісі өткен, оның барысында Палата директоры С.Г. Пен жиналған қауымды National Lawyer Certification Program (бұдан әрі – NLCP) – Ұлттық заңгерлерді сертификаттау бағдарламасымен – таныстырды.

Сертификаттау бағдарламасының негізгі идеясы заң кадрларының кәсіби дамуын ынталандыруға, заңгер кәсібіне қол жеткізу құралы ретінде заң біліктілігі стандарттарын бекітуге және заң қызметтерін сапалы көрсету кепілдіктерін өзара күшейтуге бағытталған. Ұлттық заңгерлерді сертификаттау бағдарламасы – National Lawyer Certification Program (NLCP) еріктілік, тәуелсіздік, бәсекеге қабілеттілік және дәйектілік қағидаларына негізделген.

Сертификаттау бағдарламасының ұсынылған әдіснамасы заң қызметтері нарығына қатысушылар үшін тиісті сертификаттау деңгейіндегі қажетті біліктілікті бағалау өлшемшарттарының негізінде үш деңгейлі жүйені қамтиды:

Level 1 (L) –
NLCP Lawyer – құқық бакалавры және қорытынды аттестаттауға жіберілген студенттер;

Level 2 (SL)
NLCP Skilled Lawyer – LLM немесе 1 жылдан кем жұмыс тәжірибесі;

Level 3 (E)
NLCP Expert

Бағдарламаның әрбір деңгейі сертификаттау комиссиясы бағалайтын сынақтарды қамтиды, бұл ретте оның құрамына тәжірибелі мамандар, сарапшылар кіреді, бұл заңгерлерді сертификаттау процесінің айқындылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ NLCP стандарттарының негізінде Заңгерлерді сертификаттау орталығын құру ұсынылды. Заңгерлерді сертификаттау идеясын “Заң консультанттары палаталарының қауымдастығы” және Астана қаласының Заң консультанттары палатасының мүшелері де қолдады, оның өкілдері жиынға қатысқан еді. Қазақстанда заңгерлерді сертификаттау институтын енгізу заңгерлер қауымдастығының дүниежүзілік тәжірибесіне сәйкес келеді.