Жаңалықтар

2023 жылғы 16 маусымда сағат 16.30-да MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (KAZGUU) базасында «Құқық» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің Оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібі мазмұнды және ОӘБ мүшелерінің талқылауы мен ұсыныстарын енгізу мәселелеріне толы болды:

1. Кәсіптік стандарт

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының Педагогы (профессорлық-оқытушылық құрамы)»

2. Заң ғылыми мектептерінің сабақтастығы және дамуы

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асырудағы цифрлық технологиялар

4. «Құқықтану», «Халықаралық құқық» пәндік олимпиадасының нәтижелері туралы

5. Жобаларды басқару тобы – Жаңартылған мазмұны бар оқулықтар

«Жалпы криминология» оқулығы

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (КАЗГЮУ) Қылмыстық сот төрелігі департаментінің Assistant professor-ы Жұмағали А.Қ.

Отырыс барысында сындарлы диалог ұйымдастырылып, ОӘБ-дан «Құқық» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.