Қазіргі таңда Мақсұт Нәрікбаев атындағы кітапхана Қазақстанның ең заманауи көп функционалдық университеттік кітапханалардың бірі болып табылады, заман талабына сай ол халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталды.
Бүгінде кұқық, экономика, бизнес және басқа да бағыттар саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті әрі КАЗГЮУ Университеті мақтан тұтатын мамандарды даярлау процесінде төрт жүз мыңнан астам кітап, журнал, құжат және басқаларды қамтитын кітап қоры және бүкіл ақпараттық ресурстарға толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі маңызды рөл атқарады.
Бұл кітапханаға білім ордасының оқытушылары мен студенттері ғана емес, ал сонымен бірге Астана кітапханасының тұрғындары да келіп тұрады, олар арнайы әзірленген қонақ абонементі арқасында кітапхананың қызметтерін пайдалана алады.
Кітапханада тоғыз зал қызмет етеді. Олардың арасында электрондық ресурстар залы, мерзімді басылымдар залы, сирек және құнды кітаптар залы, нормативтік-құқықтық және ғылыми әдебиет залы.
КАЗГЮУ Университетінің Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың жеке кітапхана залы ерекше орын алуда. Бұл залда кітап материалының үш мың данасы қамтылған. Ғалымның кез келген жылдары жарық көрген ғылыми еңбектері мемлекет және құқық саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Одан бөлек, залда Мақсұт Сұлтанұлы өзінің өмірдегі жолына, әріптестері мен жанұясы жайлы жазған кітаптар сақталуда.
Сондай-ақ студенттер жиі келіп тұратын орындардың бірі – шетел әдебиет залы, бұл зал Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ашылған. Залды ашуға өзінің үлесін Беларусь Республикасының, Болгарияның, Венгрияның, Грекияның, Үндістанның, Ресейдің, Сауд Арабиясының дипломатиялық миссиялары қосты. Ал оны ашу туралы идеясын Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұсынды, себебі елшілік студенттердің ОАР тарихы мен мәдениеті жөніндегі білімін кеңейту қажет деп санады.
Автоматтандырылған технологиялық процестер кітапхананың артықшылығы болып табылады: тіпті жұмыс істейтін адамдарға өз ісімен айналысуға мүмкіндік беретін ыңғайлы келу кестесі. Одан басқа, барлық залдарда электрондық каталог пен Интернетке қол жеткізуге болады, жеке-дара және топтық жұмыс үшін аймақтар және жайлы демалу орындары қарастырылған.
2020 жылға дейін Университеттің Стратегиясын жүзеге асыру аясында және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мақсатында кітапхана қоры үнемі жаңартылып, сирек басылымдардың жаңа даналарымен, монографиялармен, энциклопедиялармен, ғылыми конференциялардың материалдарымен, дәстүрлі және электрондық тасығыштарда статистикалық деректердің басылымдарымен толықтыруда.
Келешек жоспарларда – әріптестердің, олардың ішінде көптеген КАЗГЮУ түлектерінің қаражаты есебінен бөлек кітапхана корпусының құрылысы. Айта кетерлік, бұрынғы студенттер туған білім ордасына әрқашан көмек көрсетуде. Осылай, олардың арқасында кейбір аудиториялар, оның ішінде атаулы аудиториялар жөнделіп, техникамен жабдықталған, қазіргі кезде бұл аудиторияларда дәрістер, семинарлар, кездесулер және басқа да маңызды шаралар өткізіледі.