КАЗГЮУ Университеті Орталық Азиядағы Penal Reform International (PRI) бірге 2016 жылдың сәуір айынан бастап Capstone Project жобасын жүзеге асыруда, оның аясында Университет студенттері адам құқықтары бойынша зерттеулерді жүргізеді. Зерттеу нәтижелері бойынша қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы және халықаралық құқық саласындағы ұлттық бағдарламаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды даярлау жоспарланады.

Capstone Project жобасы студенттердің сыни ойлау, зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту арқылы отандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған.

2