КАЗГЮУ қылмыстық-процессуалды зерттеулер және жемқорлыққа қарсы әрекеті ҒЗИ – Республикадағы алғашқы ғылыми зерттеу институты, елдің қылмыстық-процессуалды құқығы өзекті мәселелерінің ауқымды көлемін қамтитын және оны тәжірибеде қолданатын ғылыми тақырып.

Институтта өткізілетін көлемді зерттеулер құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және қылмыстық-процессуалды заңнамасын реформалауға, мемлекеттік бағдарламаны жетілдіруге, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалды кодексінің жаңа редакциясы жобасын әзірлеу шеңберінде мүмкіндік береді.
ҒЗИ басқа да маңызды қызметтерінің бірі мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатты жан жақты оқып үйрену, оның әлсіз тұстарын және оны реттеудегі кемшіліктерін, жалпы әлемдік тенденцияларды талдау негізінде жемқорлыққа қарсы тиімді әдістерді әзірлеу, оларды тәжирибе жүзінде қолдану болып табылады.
2012 жылы құрылған Қылмыстық-процессуалды зерттеулер және жемқорлыққа қарсы әрекеті ҒЗИ, КАЗГЮУ-дың С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясы құрамында қызмет етеді.

ҒЗИ қызметкерлері – белгілі процессуалист-ғалымдар, криминологтар, ғылыми және педагогикалық қызметінде тәжірибесі мол практик заңгерлер.
Исидор Шамилович Борчашвили – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі комментарийлерінің авторы (1999, 2000, 2003, 2007 жж.), 100-ден астам басылымдардың, соның ішінде 10 монографияның авторы.
Ақылтай Ахмеджанұлы Қасымов – заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 50-ден астам ғылыми басылымдардың, олардың ішінде монография мен оқу құралының авторы.
Виталий Вячеславович Хан – заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 60-қа жуық ғылыми басылымдардың, соның ішінде Оқу-әдістемелік секцияның «Құқық» мамандықтар тобы бойынша рұқсат етілген монография мен оқу құралының авторы. Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Жыл доценті» (2011 ж.). 2012 жылғы «Құқық» мамандықтар тобы бойынша үздік оқу құралының авторы.

Жанат Зкрұлы Қосыбаев – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Заң педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, экстремалды педагогика салаларындағы жетекші маман. 50-ден астам ғылыми мақалалардың, оқу құралдарының және оқу-әдістемелік материалдарының авторы.

Ольга Сергеевна Бектибаева – Қазақ гуманитарлық заң университетінің PhD докторанты. 20-дан астам, соның ішінде таяу және алыс шетел басылымдарында ғылыми басылымдары бар. Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Жыл қызметкері» (2012 ж.).

Қылмыстық-процессуалды зерттеулер мен жемқорлыққа қарсы әрекеті ҒЗИ қызметкерлері кәсіби негізде төмендегілерді жүзеге асырады:
– институттың тақырыптары бойынша мемлекетік қызметкерлерге, жеке меншік секторы өкілдеріне, КАЗГЮУ-дың магистранттары мен докторанттарына арнайы курстарды, біліктілікті көтеру курстарын ұйымдастыру және жүргізу;
– отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда ғылыми мақалаларды басып шығару;
– оқу, оқу-әдістемелік және монографиялық әдебиетті дайындау және басып шығару;
– нормативті-құқықтық, соның ішінде тұжырымдамалық сипаттағы актілер бойынша қорытынды жасау жөніндегі эксперттік қызмет атқару;
– Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарының құрамындағы жұмыс атқару;
– Институт қызметі мәселелері бойынша өкіметтік емес ұйымдарда мүшелік ету;
– Құқық қорғау органдарымен, құқық қорғау ұйымдарымен, шетел мемлекеттері елшіліктерімен тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнату;
– Республика шеңберінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде ғылыми, ғылыми-практикалық конференциялар; дөңгелек үстел; форумдар; семинарлар; КАЗГЮУ-дың «Академик» атты ғалымдар клубы отырыстарын және басқаларды ұйымдастыру және өткізу.

Институт директоры – Марат Чекишевич Коғамов

Байланыс мәліметтері:
Мекен-жайы: Астана қ., Коргалжын тас жолы, 8, каб. 606
Телефон: 8 (7172) 70-30-03 (ішкі.1009)
Электронды мекен-жайы: bektibaeva@inbox.ru