Жоба атауы: Қазақстан Республикасында қоғамның сыртқы және ішкі мигранттарды қабылдауының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері

Жүзеге асыру кезеңі: 2023-2025

Қаржыландыру көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым саласы: Әлеуметтік ғылымдар. Психология және когнитивтік ғылымдар. Әлеуметтік психология.

Сипаттама: Әлемде және елде болып жатқан жаһандық өзгерістер әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерге байланысты өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болған адамдардың экономикалық жағдайын күрделендіре түседі. Бұл ретте басқа қалаға немесе елге көшіп бара жатқан адамдар өздерін қабылдаушы елдің тұрғындары жақсы қабылдай қоймайтынына куә болады, себебі оларды жеке және ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп біледі.

Жобаны жүзеге асыру мигранттарды қабылдаудың әлеуметтiк-психологиялық ерекшелiктерiн, оның iшiнде қоғамдағы ксенофобияны азайтуға және мигранттарға достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған қадамдарды iске асыру арқылы оларға деген толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған негізгі ұсынымдарды зерделеуге мүмкiндiк туғызады.

Зерттеу тобы:

Ғылыми жетекші: Самекин Адиль Серикпаевич, философии докторы (PhD), ҚР БҒМ БҒССҚК қауымдастырылған профессоры, «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» АҚ

a_samekin@kazguu.kz

Коцур Патрик, PhD, Assistant Professor, Дарем университеті (Ұлыбритания, Дарем), зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету

patrick.f.kotzur@durham.ac.uk

Болатов Айдос Канатович, дәрігер-генетик, НАО «Астана медициналық университеті»КАҚ, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығының бас маманы, American Psychological Association мүшесі

Бекбаев Асылхан Жалаушанович, биология магистрі, НАО «Астана медициналық университеті»КАҚ, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығының бас маманы

Герасимова Мадина Сергеевна, тәуелсіз зерттеуші

Бозымбаева Назым Алтайқызы, «Консультациялық психология» БББ бірінші курс магистрі, «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» АҚ Research Assistant