Сот сраптамасы саласындағы Литвалық сарапшылар Қазақстанға келіп кетті

Ағымдағы жылдың 23 мусымында Қазақстанға екі жақты ынтымақтастық аясында жұмыс сапарымен сот сараптамасы саласында қазақстандық әріптестерімен меморандумға қол қою үшін литвалық сарапшылар келіп кетті.

Қазақстан мен Литва халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты, оның ішінде сот сараптамасы саласында да  жандандыруды жалғастыруда. Сот сараптамасы саласындағы күш салуды нығайту мен өзара ықпалдасу заңгерлік қызметті және өткізілетін сараптамалар мен криминалистикалық зарттеулердің сапасын жетілдіруге бағытталған.  

Тараптардың сапары аясында Габриэле Юодкайте-Гранскиене басқарып отырған Литвалық сот сараптамасы Орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өзара бірлескен инновациялық жобалар мен жаңа технологияларды жүзеге асыруды көздейді, қылмыстарды ашуды арттыруға, криминалистика мен сот сараптамасы салаларында өзара тәжірибе мен білімдерін алмасуға бағытталған.

Қазақстандық тараптан Салық Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар ҒЗИ Директоры Мирас Дауленов, Қашықтан оқыту орталығының директоры Өмірбай Қыстаубай, Жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту және халықаралық байланыстар институтының директоры Рената Фаизова, Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен қатысты.