Тәуелсіз ел – мәңгілік ел

М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхана және қазақ, орыс тілдері кафедрасы бірлесіп Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» атты көркем сөз оқу байқауын ұйымдастырды. Поэзияны жүрегімен сезінген жыршыл жастар көрермендерді өнерлерімен сусындатты. Байқау жеңімпаздары грамота және алғыс хаттармен марапатталды.