Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

«M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti» АҚ нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу бойынша Үйлестіруші болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес Үйлестіруші конкурстық негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды тартады.

Осыған орай, 2022 жылғы 22 ақпаннан бастап сарапшылардың тізіміне енгізу үшін сарапшыларға кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс жарияланады.

Кандидаттарды конкурстық іріктеуді Конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) жоғары білімнің болуы;
2) сарапшы ретінде әрекет етуді болжайтын қызмет саласында кемінде 5 жыл не сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;
4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жыл әкімшілік жазаның болмауы;
5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауы;
6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауы.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттар қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

1) дербес деректерді өңдеумен келісімді растап және сарапшы ретінде қатысатын заңнама саласын, сондай-ақ телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, үйлестірушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына еркін нысанда жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариаттық куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылуын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (нотариаттық куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін);
5) болған жағдайда ғылыми дәрежені растайтын құжаттың көшірмесін (нотариаттық куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін).
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, сондай-ақ құжаттарды белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатысуға жіберуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Конкурстық іріктеуге қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін орнату үшін Egov.kz электрондық үкімет порталынан қосымша құжаттарды ұсыну қажет:

1) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (соңғы 3 жылдың ішінде).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 2022 жылғы 22 ақпан сағат 10.00-ден бастап 2022 жылғы 28 ақпан сағат 24.00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау нәтижелері және конкурс кезеңдерін әрі қарай өткізу мерзімдері туралы кандидаттарға электрондық пошта бойынша хабарланады және Үйлестірушінің ресми сайтында жарияланады: https://academy.kazguu.kz/kz/antikorruptsionnaya-ekspertiza

Құжаттарды қабылдау орындары

№ р/б Мекенжайы Байланыс телефоны Электрондық пошта
1. Нұр-Сұлтан қ., 010000

Қорғалжын тас жолы, 8, 218- кабинет (2-қабат)

8 (7172) 70 30 42 konkurs_antikor@kazguu.kz
2. Алматы қ., 050000, Көктем-1 26А

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 31,

+ 7 700 202 93 86

konkurs_antikor@kazguu.kz
3. Ақтау қ., 130000, 15-ші шағын ауданы, 31 (IT мектеп-лицей, сол қанат жақтан кіру)

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 12

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
4. Ақтөбе қ., 030000, Алматы ауданы, Арынов көшесі, 1

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 04

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
5. Атырау қ., 060000, Баймұханов көшесі, 45а, АИНГ

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 06

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
6. Қарағанды қ., 100000, Қазақстан көшесі,15А

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 09

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
7. Көкшетау қ., 020000, Ақан сері көшесі, 24

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 03

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
8. Қостанай қ., 110007, Тәуелсіздік көшесі,118, Француз мәдени орталығы, 2-ші қабат

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 10

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
9. Қызылорда қ., 120000, Тәжібаев көшесі, 18а, 5-ші аудитория +7 700 202 93 11

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
10. Өскемен қ., 070000, Н. Назарбаев көшесі, 86/2 (КАСУ)

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 16

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
11. Орал қ., 090000, Абай даңғылы, 103 («Аквариум» СҮ)

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 07

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
12. Тараз қ., 080000, Тәуке хан көшесі, 24,

(ӨТО «U-Study)

+ 700 202 93 08

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
13. Талдықорған қ., 040000, Солтүстік батыс тұрғын үй ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 180 (№ 25 мектеп),

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 05

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
14. Түркістан қ., 161200, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14Б (Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті)

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 13

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
15. Павлодар қ., 140000, М.Горький көшесі,120/2 (Ғылыми кітапхана)

(ӨТО «U-Study)

+7 700 202 93 14

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
16. Петропавл қ., 150000, Қазақстан Конституциясы көшесі, 60

(ӨТО «U-Study)

+ 7 700 202 93 15

 

konkurs_antikor@kazguu.kz
17. Шымкент қ., 160000, Әл-Фараби ауданы, Быковский көшесі, 30/5 («Отырар» колледжі) (ӨТО «U-Study) + 7 700 202 93 17

 

konkurs_antikor@kazguu.kz