ТЕСТІЛЕУГЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құжаттарды тапсырған қатысушыларды тестілеуден өтуге жіберу туралы шешім қабылдады.
Тестілеуге жіберілген кандидаттардың толық тізімі M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің интернет-сайтында жарияланды: https://academy.kazguu.kz/ru/antikorruptsionnaya-ekspertiza/

Тестілеуді өткізу күні: 2022 жылғы 5 наурыз.

Тестілеу уақыты: басталуы сағат 10.00-де 1(бір) сағат бойы (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен)

Тестілеу тілі: қазақ не орыс тілдерінде (кандидаттың қалауы бойынша).

Тестілеу 1 (бір) сағат бойы электрондық нысанда «UStudy» тестілеу орталығында жүргізіледі және 40 (қырық) сұрақтан тұрады.
Кандидаттар үшін тестілеуден өту мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды.

Электрондық тестілеуден өту үшін жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Кандидаттарды тіркеу – сағат 9.30-дан бастап сағат 9.50-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

Тестілеу пункттерінің мекенжайлары:

• Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52;
• Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 71/22;
• Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Быковский көшесі, 30/5 («Отырар» колледжі);
• Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118 (Француз мәдени орталығы, 2-қабат);
• Өскемен қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 86/2 (КАСУ);
• Қарағанды қаласы, Қазақстан көшесі, 15А;
• Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 24
• Петропавл қаласы, Конституции Казахстана көшесі, 60.

 

Тестілеу кезеңіне жіберілген кандидаттардың тізімі