Директор научно-исследовательского института судебной экспертизы
Сейтенов Калиолла Кабаевич, доктор юридических наук, профессор

Біздің жұмыс

КАЗГЮУ Сот сараптау Иституты (ССИ) сот-сарапшы  әрекетінің түрлері бойынша курс тыңдаушыларына  сапалы білім беру мақсатында Беларусь Республикасының заң Министрлігінің сот сараптау және қылмыстық істер жөніндегі Орталығымен, Беларусь Республикасының ІІМ Бас сараптау-қылмыстық істер жөніндегі орталығымен, Ресей ІІМ Волгоград академиясы және «О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу Мемлекеттік заң академиясы» Федералды мемлекеттік бюджеттік кәсіби жоғары сапалы білім беру мекемесімен халықаралық келісім бекітті.

2011 жылдың 19 қыркүйегінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен Қазақстан Республикасының «Заң министрлігінің сот-сарапртау Орталығы» ММ арасында бірлесіп жұмыс істеу және өзара байланысты нығайту жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Бұл Меморандум байланыс ауқымын кеңейуді, бірлескен білім беру бағдарламаларын өткізуді, ғылыми-зерттеу жұмыстарды, мамандарды дайындау және ақпаратпен алмасу істерін жүзеге асырады.

2012-2013 оқу жылында ССИ ҚР заң Министрлігі сот сарапшыларының біліктілігін артыру үшін мына мамандықтар бойынша курс өткізуді жоспарлап отыр:
– компьютерлік технологиялар құралдарының сот сараптамасы;
– баллистикалық сот сараптамасы;
– қолтаңба мен қол қоюды зерттеу сот сараптамасы;
-құжаттарды сот-техникалық тұрғысынан зерттеу;
– фонографиялық (дыбыстық) сот сараптамасы;
-көлік құралдары мен жол-көлік оқиғаларын сараптау;
– қаржы-экономикалық сот сараптамасы.
2012 жылдың 17 қазанында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ және Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің кедендік бақылау Комитеті арасында бірігіп жұмыс істеу жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Кәсіби тығыз байланыс орнату, кәсіби білім мен білікті жетілдіру мақсатында, алдын ала анықтау мамандарының, тергеуші мен кеден қызметінің сарапшыларының  біліктілігі мен жоғары деңгейлі дайындығын дамыту үшін кедендік бақылау Комитеті Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі кеден қызметкерлерінің біліктілігін артыру үшін КАЗГЮУ ССИ-да сот-сарапшы мамандықтары бойынша мына курстарды өткізуді жоспарлап отыр:
–  құжаттарды сот-техникалық тұрғысынан зерттеу;
–  қолтаңба мен қол қоюды зерттеу сот сараптамасы;
–  техниқалдық және деректік сараптпма;
–  физико-химиялық сараптама.

Ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бірлесіп жұмыс істеу үшін және Қазақстан Республикасының күш ведомстволарының тәжірибесіне бағдарламалық-техникалық шешімдерді енгізу мақсатында Институт Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы Миасс қаласындағы «Папилон» ЖАҚ, Подольск қаласындағы «Криминалистическая техника» ЖШБ, және Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы «КОБУСС ИНТЕРНЕШНЛ» ЖШБ-мен  Келісім бекітті.

2013 жылдың 8 ақпанында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен С. Есқараева атындағы Бас прокуратура жанындағы прокуротура органдары мамандарының біліктілігін арттыру Институты арасында бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

КАЗГЮУ Университетінің сот сараптау Иститутының базасында қылмыстық полигонының көлемін тиімді пайдалану мақсатында қайта өңдеу және жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Полигонның ашылу салтанаты мен тұсаукесеріне құқық қорғау органдары басшылары және басқа да ұйымдар мен ведомстволардың басшыларын шақыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өзара бірлесіп жұмыс істеу туралы келісім-шартқа отырған Ресей және Беларусь Республикасының қылмыстық техникамен қамтамасыз ететін ірі ұйымдардың өкілдері қатысады.

Жарылыс немесе жол-көлік оқиғасын қалпына келтіру, оқиға орнында көрнекі тексеріс тәжірбиелік сабақтарын жүргізу үшін Университет территориясында қылмыстық полигонын ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
КАЗГЮУ 5 ұжым авторлары мен Ресейдің ІІМ Волгоград академиясымен қылмыстық іс жүргізу және тактикалық тұрғыдан оқиға орнын қарау туралы «Тергеуші анықтамасы» атты  оқу- тәжірбиелік жинақ өңделіп, басылып шықпақ.
Институтта оқу үрдісі оқу-әдістемесімен қамтамасыз етілген, нормативтік-құқықтық актілерін және сот сараптамасының арнайы әдебиеттерінің электоронды қорын құру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Оқу сот сараптамасы саласы бойынша Қазақстан, Ресей, Белорусия  және басқа да шетелдердің ірі ғалымдары мен жоғары білікті мамандарының қатысуымен өткізіледі. 30 орындық дәрісхана қоры заманауи оқу техникасымен жабдықталған.

Институт базасында ҚР заң Министрлігінің сот сараптама Орталығының сот сарапшыларына трасологиялық зерттеу сот сараптамасы және құжаттарды сот-техникалық тұрғысынан зерттеу бойынша біліктілік арттыру курсы өткізілді.

{spoiler title=1 Қазақсан Республикасының заң Министрлігінің сот сараптама Орталығы opened=0}
2011 жылдың 19 қыркүйегінде «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті»  АҚ мен Қазақсан Республикасының заң Министрлігінің сот сараптама Орталығы
арасында бірлесіп жұмыс істеу және өзара байланысты нығайту туралы №2011/пх-204 Меморандумге қол қойды:
– Екі Жақ өзара байланысты кеңейту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге,
біріккен білім беру бағдарламаларын, сот сараптама қызметі мамандықтары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге, кадрларды дайындауға, ақпаратпен алмасу жұмысын жүзеге асыруға қызығушылық танытып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін өз мекемкелерінің интеллектуальды және материалдық әлеуетін  қолдануға дайындықтарын танытып отыр;
– осы Меморандум шеңберінде Екі Жақ білім саласында, оның ішінде біріккен білім беру бағдарламаларын өткізу, кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүзеге асырмақ;
– бірлесіп жұмыс істеуді үйлестіру және болашағы бар бағыттарды анықтау жұмысын  Екі Жақ өзара келісіп шешеді.
– бұл Меморандум  бірлесіп атқаратын жұмысты кеңейтуге келісілген шараларды әр жақтың өздігінен өткізуіне мүмкіндік береді.
{/spoiler}

{spoiler title=2 Қазақсан Республикасының қаржы Министрлігінің кедендік бақылау Комитеті opened=0}
2012 жылдың 17 қазанында «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті»  АҚ мен Қазақсан Республикасының қаржы Министрлігінің кедендік бақылау Комитеті арасында бірлесіп жұмыс істеу туралы Меморандумге қол қойды:
– Екі Жақ Қазақсан Республикасының кеден органдары мамандарын қайта дайындау, біліктілігін арттыру қызметін тиімді өткізу үшін және әлеуетті дамыту мақсатында тығыз қарым-қатынас орнатады;
– Екі Жақ Қазақсан Республикасының кеден органдары мамандарын қайта дайындау, біліктілігін арттыру қызметін білім беру бағдарламаларына және  Қазақсан Республикасының заңнамаларына сәйкес жоспар бойынша жүзеге асырады;

– Екі жақ Қазақсан Республикасының кеден органдары мамандарын қайта дайындау, біліктілігін арттыру қызметін мына бағытта дамытады:
1) оқу орталықтарының оқу және әдістемелік қорын құру;
2) қызметкерлерді ғылыми-педагогикалық жұмысты жүргізу үшін  және әдістеме мен дидиактиканы оқытатын кадрлар дайындау үшін мамандарды жіберу;
3) қайта дайындау және біліктілікті көтеру курстарында оқу үрдісін жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша ақпаратпен, оқу-әдістемелік және аудиобейне құралдармен алмасу;
4) оқытып-үйрету және сынақтан өткізуге қабылдау;
5) ақпараттық технологиялармен, техникалық бақылау құралдарымен және заманауи техникалық құрақалдармен таныстыруды ұйымдастыру,
6) кеден ісі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу;
7) біріккен оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық шараларды өткізу.
{/spoiler}

{spoiler title=3 Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы opened=0}
2013 жылдың 8 ақпанында «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті»  АҚ мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арасында бірігіп жұмыс істеу және қарым-қатынасты нығайту туралы Меморандумге қол қойды:

– Екі Жақ Қазақстан Республикасының прокуротура органдары қызметкерлерін  қайта дайындау, біліктілігін арттыру қызметін тиімді өткізу үшін және әлеуетті дамыту мақсатында тығыз қарым-қатынас орнатады;

– Екі Жақ Қазақстан Республикасының прокуротура органдары қызметкерлерін  қайта дайындау, біліктілігін арттыру қызметін Қазақстан Республикасының ГП Иститутының оқу жоспарына сәйкес өткізеді.

– Екі Жақ Қазақстан Республикасының прокуротура органдары қызметкерлерін  қайта дайындау, біліктілігін арттыру қызметін мына бағытта артырады:
1) оқу және әдістемелік қорын құру;
2) қызметкерлерді ғылыми-педагогикалық жұмысты жүргізу үшін  және әдістеме мен дидиактиканы оқытатын кадрлар дайындау үшін мамандарды жіберу;
3)оқу үрдісін жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша ақпаратпен, оқу-әдістемелік және аудиобейне құралдармен алмасу;
4)оқытып-үйрету және сынақтан өткізуге қабылдау;
5)ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге;
6) біріккен оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық шараларды өткізу.
{/spoiler}

{spoiler title=4 Беларусь Республикасының «Сот сараптама және қылмыстық істер орталығы» opened=0}
2012 жылдың 16 тамызында «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті»  АҚ мен Беларусь Республикасының «Сот сараптама және қылмыстық істер орталығы» ММ арасында № 2012\пх-122 келісім-шартқа қол қойды, онда:

– Екі Жақ өзара байланысты кеңейту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге,
біріккен білім беру бағдарламаларын, мамандардың дайындығын жақсартуға, жобалар мен бағдарламалар дайындау бойынша біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге, кадрларды дайындауға, мәдени және ақпаратпен алмасу жұмысын жүзеге асыруға қызығушылық танытып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін өз мекемкелерінің интеллектуальды және материалдық-техникалық  әлеуетін  қолдануға дайындықтарын танытып отыр;

– Екі Жақ өздерінің ғылыми, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық әлеуетін күш біріктіру арқылы ұзақ мерзімді және өзара пайдалы қарым-қатынас орнатып, келесі бағыттағы біріккен қызметті ұйымдастыра алады:

-ғылыми, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-өндірістік қызметті;
-сот сараптамашыларының біліктіліктерін ұйымдастыру, мамандар мен оқытушылармен алмасуды;
– біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді;
– ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуды;
– біріккен ғылыми жұмыстарын басып шығару;
– қысқа мерзімді арнайы ғылыми бағдарламаларды орындауға;
– оқу мен ғылыми материалдармен алмасу, кітапхана аралық қарым-қытынас, электронды  кітапхана қорымен алмасуды;
– таныстыру және тағы да басқа мәдени шараларды жүзеге асыруды;
– оқу және оқу-әдістемелік қызметті жетілдіруді;
– жаңа оқу бағдарламаларын құру жұмысын үйлестіруді;
– жаңа оқу құралдарын, әдістемелік құралдарын өзара рецензиялауды;
– монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын, жинақтарды және  ғылыми жұмыстарды бірігіп басып шығаруды.
{/spoiler}

5. О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу Мемлекеттік Заң Академиясы

6. Ресей Федерациясының Ішкі істер Министрлігінің Волгоград академиясы

7. Волгоград Мемлекеттік Әлеуметтік – Педагогикалық Университеті Мемлекеттік Федералдық Білім беру Мемемесі

{spoiler title=8 Ресей Федерациясы, Челябин обласы, Миасс қаласы, «ПАПИЛОН» ЖАҚ opened=0}
2011 жылдың 2 желтоқсанында «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті»  АҚ мен «ПАПИЛОН» ЖАҚ  «ПАПИЛОН» ЖАҚ  шығарылып жатқан бағдарламалық- техникалық шешімдерге Қазақстан Республикасының күш ведомстволарының тәжірибелік қызметін енгізу мен жетілдіру мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бірлесіп қызмет істеді бекітті:
– БТШ жаңашаланғанда (жетілдірілгенде), жаңа түрлері шыққанда олардың мүмкіндіктерін зерттеп және болашақта сот сараптама және қылмыстық істер саласында қолдану үшін Мекеме және Университет мамандарымен бекітілген осындай шешім үлгілерін Университетке дер кезінде жеткізу;

– Университет базасында қылмыстық істі жүргізу мен ашу техникалық-қылмыстық істердің сұрақтарына арналған, ұйымдастырылған, өткізілген семинарларға, конференцияларға, мәжілістерге, дөңгелек үстелдерге және т.б. қатысу;
– басқа мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының күш ведомстволарында БТШ енгізіп, әрі қарай қолдану үшін, БТШ зерттеп, оларды қолдану сынағынан өткізіп, сынақ қорытындысы жасалу керек;

– Университет базасында қылмыстық істі жүргізу мен ашу техникалық-қылмыстық істердің сұрақтарына арналған, ұйымдастырылған, өткізілген семинарларда, конференцияларда, мәжілістерде, дөңгелек үстелдерде және т.б. сынақ қорытындысы шеңберінде БТШ мүмкіндіктерін көрсету;

-Университетке келген шетел өкілдеріне БТШ таныстыру жұмыстарын өткізу;

– Университет базасында қылмыстық істі жүргізу мен ашу техникалық-қылмыстық істердің сұрақтарына арналған, ұйымдастырылған, өткізілген семинарларға, конференцияларға, мәжілістерге, дөңгелек үстелдерге және т.б. Мекеме қызметкерлерін қатысуға тарту;

-зерттеу бағыты бойынша ғылыми-тәжірибелік журналдарға мақалаларды бірігіп дайындап, шарыққа шығару;
– Мекеме жетекшілерімен бірлесіп қылмыстық істер объектілерін сараптамадан өткізудің жаңа зерттеу әдістемесін құрып, Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің де күш ведомстволарында енгізу.
{/spoiler}

9. Ресей  Федерациясы, Мәскеу қаласы, «КОБУСС ИНТЕРНЕШНЛ» ЖШБ

{spoiler title=10 Ресей  Федерациясы, Мәскеу облысы, Подоль ауданы, Ерино п., «Криминалистическая техника» ЖШБ opened=0}
24 апреля 2012 жылдың 24 сәуірінде «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті»  АҚ мен «Криминалистическая техника» ЖШБ  арасында бірлесіп жұмыс істеу туралы №23 Келісімге қол қойылды:

– белгіленген міндеттерді шешуде  бір-біріне көмектесу үшін Екі Жақ Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамаларына қайшы келмейтін біріккен тәжірибелік жобаларға қатысуға және басқада да қызмет түрлерінде, ақпаратпен алмасуды жүзеге асыруда өзара көмек көрсетуге келісімге келді.

– Екі Жақ өзара пайдалы және тиімді жағдайларда бір-біріне ұйымдастырушылық көмектің барлық түрінен көмек көрсете алады.
{/spoiler}