«КАЗГЮУ Университеті» АҚ М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханасы ақпараттық-құқықтық жүйелерге жазыла отырып, нормативтік-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Осы базаларға университет желісі және жергілікті компьютерлер арқылы қолжеткізуге болады.

 
зан
 «ЗАҢ – ЗАКОН» ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ  «ЗАҢ – ЗАКОН» толық мәтінді деректер қоры Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК әзірленген. Базада қазақ және орыс тілдеріндегі ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің 321785 астам құжаттары қамтылған. Онда облыстық бағдарламалар, жергілікті билік органдарының шешімдері, қаулылары берілген.

  • Жүйені пайдаланушыларға энциклопедиялық құқықтық сөздікпен, осы заңдардың мәтініне сілтеме жасалған құқықтық терминдер сөздігімен жұмыс істеуге мүмкіндік қарастырылған. Құжатпен жұмыс істеу барысында мәтінді қазақ және орыс тілдерінде екі терезе режимінде қарауға мүмкіндік бар.
  • Қолжетімділік кітапхананың № 130 кабинетінде (нормативтік-құқықтық актілер залы) ұсынылған.
133

ИНФОРМАЦИОННАЯ СИСТЕМА  «BESTPROFI»

  • Заңнамалар және нормативтік-құқықтық әдебиеттер базасы, он-лайн кеңестер дерекқоры, соның ішінде «Сот актілері» базасы және мұрағаттарымен бірге 50-ден астам журналдар енгізілген. АЖ көлемі 5 000 000 құжатты құрайды.
  • Барлық мәліметтер банкісіне арналған бірыңғай жалпы құқықтық топтастырғыш іздеудің кез келген түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, толық гипертекст, құжат мәтіндеріне түсініктемелер мен анықтамалар, анықтамалар және еске түсіру жүйелері сіздің уақытыңызды үнемдеп, толық көлемдегі қажетті ақпаратты ұсынады.
  • Ресурстарға корпоративті университет желісі бойынша қолжеткізуге болады.

Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің порталына және Интернетте ұсынылған еліміздің және өзге мемлекеттердің басқа да құқықтық жүйелеріне қолжеткізу электрондық ресурстар залында жүзеге асырылады.

 егов«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІ ПОРТАЛЫ

  • «Электрондық үкімет» – мемлекеттік онлайн қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе.
  • оnline режиміндегі веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтер алуға болады, оның ішінде: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің меншік иесі туралы анықтама, бала туылғанына және бала күтіміне арналған жәрдемақы тағайындау және тағы басқалар.
  • Е-үкімет порталы арқылы салықтар, баж салықтарын, мемлекеттік алымдар мен төлемдерді, айыппұлдар мен коммуналдық қызметтерді төлеуге болады.
  • Қазақстанның заңнамалық базасы кеңінен ұсынылған.
адилет

ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124қаулысына сәйкес «Әділет» АҚЖ Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялаудыжүзеге асыратын интернет-ресурс ретінде айқындалды.

  • Сонымен қатар «Әділет» АҚЖ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бақылаулы күйде ұсталатын анықтамалық нұсқаларынқамтиды.
  • 185986 құжатты қамтыған, соның ішінде қазақ тілінде: 93851, орыс тілінде: 91831, ағылшын тілінде: 304 құжат бар.
параграф «Параграф» ақпараттық жүйесі
  • «Параграф» ақпараттық жүйесі – заңгерлерге, бухгалтерлерге, дәрігерлерге арналған бірнеше ақпараттық топтамаларды, сондай-ақ анықтамалық ақпаратты біріктірген бірегей ақпараттық жүйе.
  • «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі Қазақстанның заңнамасы бойынша «Юрист» анықтамалық жүйесінің орнын алмастырды. Жүйеге жаңадан «ЮРИСТ», «БУХГАЛТЕР», «МЕДИЦИНА», «СПРАВКИ», «КОНТИНЕНТ» ақпараттық өнімдері енгізілген.
 союзТМД ЕЛДЕРІ ЗАҢНАМАЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ (WEB-ВЕРСИЯСЫ)

  • «ТМД елдерінің заңнамасы» ДҚ құрудағы негізгі ақпараттар дереккөзі ұлттық электрондық деректер қоры, нормативтік-құқықтық ақпараттар эмитенттері, сондай-ақ электрондық және баспалық ресми жариялау құралдары болып табылады.
  • Деректер қорында 11 елдің орыс тілінде заңдары, кодекстері, қаулылары, өкімдері және басқа да құжаттары бар. Олар: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина.

Деректер қорында «ТМД елдерінің мемлекет аралық қарым-қатынасы» бөлімі ұсынылған.

Деректер қоры құжаттарының басым көпшілігі барлық пайдаланушыларға тегін ұсынылады.