Безымянный

2016 жылдың қазан айынан бастап КАЗГЮУ Университеті Key Forensic Services Ltd (KFS), King’s College London (KCL), QPA strategies Ltd. (QPA) және Astana Garant Consulting (AGC) секілді ұйымдармен бірге Дүниежүзілік банк пен ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» атты бірлескен жобасын жүзеге асыруға кірісті. Жоба екі жылға арналған және 2018 жылдың желтоқсан айына дейін іске асырылады.

Жобаның үш бағыты бар:

«Сот-сараптамалық қызметтің тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу және сынау». Осы бағыт төңірегінде халықаралық тәжірибе тұрғысынан Қазақстан Республикасында сот және медициналық сараптама жүргізу тәжірибесін зерттеу, сот-сараптамалық қызметтің тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу, Сот-сараптамалық қызметтің тиімділік көрсеткіштері жөнінде пайдаланушының нұсқаулығын әзірлеу, сондай-ақ сот-сараптамалық қызметтің өзекті мәселелеріне арналған бірқатар халықаралық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу жоспарланады.

«Сот сараптамасының заңнамалық және институционалдық базасын жетілдіру». Осы бөліктің қорытындылары «Сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР заң жобасын толықтыру бойынша ұсыныстар түрінде ұсынылатын болады.

«Сарапшылардың біліктілігін арттыру». Осы бағытты жүзеге асыру барысында шетелдік университеттер мен сараптамалық мекемелерде жергілікті сарапшылардың біліктілігін арттыру тренингтері ұйымдастырылады.