«ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-мәдени кеңістігін трансформациялаудағы көпестердің рөлі» ғылыми жобасы

Жүзеге асыру мерзімі: 2022 ж. қазан – 2024 ж 

Жетекші: т.ғ.к., академиялық профессор Мукатаева Л.К. 

Ғылыми жобаның мақсаты XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы көпестердің жан-жақты қызметін, оның елдің экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысу бағыттары мен түрлерін, оның әлеуметтік-мәдени тұрғыдан өзін-өзі таныту жолдары мағыналарын кешенді талдау болып табылады.   

Міндеттері: мәселенің теориялық-әдіснамалық және тарихнамалық базасына тұжырымдамалық талдау жасау; Қазақстан көпестері, оның ішінде қазақ көпестері қызметінің құрамын, мәртебесін, негізгі бағыттарын сипаттау; көпестердің меценаттық қызметін және оның мәдениетті, өнерді, білім беруді, ғылымды және т.б. дамытудағы рөлін ашу. Виртуалды қайта құру технологиясын қолдану негізінде мәдени кеңістіктер брендингінің ерекшеліктері бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға ұсыныстар әзірлеу.  

Жобаның нәтижелері жаһандану жағдайында азаматтың дүниетанымдық-құндылық қағидаттарының маңызды факторы ретінде тарихи сананың дамуына ықпал етеді. Тарихи тақырыптарға, мәдени мұраға жүгіну ұлттық кодты нығайтуды және бірегейлікті сақтауды қамтамасыз етеді.  

Күтілетін нәтижелер: 

Жобада қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес мынадай нәтижелер алынатын болады:  

—тақырыптың теориялық, әдіснамалық және тарихнамалық аспектілеріне талдау жүргізіліп, жүйелендірілетін болады, Қазақстанда капиталистік қатынастардың қалыптасу кезеңіндегі көпестердің даму эволюциясы қадағаланатын болады;  

—Қазақстан көпестерінің құрамына, мәртебесіне, қызметінің негізгі бағыттарына сипаттама берілетін болады, көпестердің қызметі тұтастай өзінің ең көрнекті өкілдерінің мысалында зерттеледі, қазақ көпестерінің қызметі және қазақ көпестерінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері жеке қаралады;  

—көпестердің меценаттық қызметі және оның мәдениетті, өнерді, білім беруді, ғылымды және т.б. дамытудағы рөлі сипатталатын болады. Виртуалды қайта құру технологиясын қолдану негізінде тарихи ғимараттардың 3D модельдері жасалады және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша ұсыныстар жасалады; 

Бейне:

3D моделі:

Көпес Ғабдулвалиевтің тұрғын үйі 

1909 жылы көпес Исхак  Габдулвалиевтің тапсырысы бойынша сәулетші  Зенков салған. Верныйда  Габдулвалиевтер отбасының иелігінде  Училищная, Сергиопольская, Гостинодворская, Таранчинская және тағы басқа көшелерде орналасқан үйлер мен қоймалар болған.   Сондай ғимараттардың бірі                                «И. Габдулвалиев с сыновьями» деген сауда үйі болатын. 

Төңкерістен кейін Қазақ КСР астанасының Қызыл Ордадан Алматыға ауысуына байланысты тұрғын үй ұлт меншігіне өтіп, онда Қаржы халық комиссариаты орналастырылды.  

         Верный қаласының XX ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші модерн стилінде салынған. Бұл – жоспардағы екі қабатты, тік бұрышты ғимарат.   Негізгі осьтер күмбездер мен парапет қабырғаларының орналасуымен анықталады. Қасбеттері көлденең және тік айқын бөліктерімен ерекшеленеді. Тік бұрышты терезелер сөрелері бар профильді гипс тақтайшалармен қоршалған. Шарлармен тоғысқан қисық сызықты контурлар мен парапеттік бағаналардың профильді карнизі, парапеттік қабырғалары ағаш, ойылған гүлден жасалған ою-өрнектермен қанықтырылған  

    2010 жылғы 10 қарашада Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа Мемлекеттік тізімі бекітілді, сонымен бірге осы мәселе бойынша бұрын қабылданған барлық шешімдер жарамсыз деп танылды.  

Осы Қаулы бойынша көпес Ғабдулвалиевтің тұрғын үйі  жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін сақтап қалды. Қорғау аймақтарының шекаралары 2014 жылы бекітілді.  

Бір кездері бұл жерде аяқ киім фабрикасының цехы болған. Бүгінде Габдулиев көпестердің тарихи үйінде қоғамдық тамақтану үйі орналасқан.    Ғимарат мекенжайы Алматы қ. Төлебаев к., 38. 

20 ғасырдың басында

Ғимараттың заманауи келбеті