Дипломдық жобаларды басқаруда Agile әдіснамасын енгізу жөніндегі семинар

2016 жылдың 13 қазанында КАЗГЮУ Университеті PricewaterhouseCoopers Қазақстан ұйымының қолдауымен білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері, құрылатын Scrum-командаларының ғылыми жетекшілері мен басқа да мүшелері үшін дипломдық жобаларды басқаруда  Agile әдіснамасын енгізу бойынша семинарды өткізді.

Семинардың басында  PwC Қазақстан консультациялық қызметтер жөніндегі директоры  Майкл Адамс Agile әдіснамасының жобаларды басқарудағы мазмұны мен маңызы жайлы баяндады. Оның айтуынша, Agile негізгі артықшылығы тәжірибедегі өзгерістерге дереу ден қою мүмкіндігі және нәтиженің жоғары сапасы болып табылады.

Сонымен бірге, Басқарма Төрағасының орынбасары – С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының директоры Мирас Дәуленов та дипломдық жобаларды басқаруда Agile әдіснамасын КАЗГЮУ Университетінде енгізу қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ дипломдық жобалардың тақырыптық тізбесін сапалы қалыптастыруға қатысты қолдану, жобаның техникалық тапсырмасын дайындау, жобаның сапа индикаторларын дұрыс анықтау, Scrum-командаларды құру және Scrum-талқылауды ұйымдастыру үшін талап етілетін негізгі шешімдер талқыланды.  

Өз кезегінде, Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен студенттердің аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зерттеу кейстерін дайындау әдістемесі жайлы айтып берді. Бұл ретте, Сергей Геннадьевич КАЗГЮУ Университеті түлегінің үлгісін қалыптастыру шарты ретінде студенттердің осындай дағдыларды иелену қажеттілігін белгіледі.  

Семинардың соңында оқытушылар сұрақтарын қойын, үлгі ретінде дипломдық жобаларды даярлау процесінде командалық жұмыстың қажеттілігін көрсетті.